Сейсенбі, Желтоқсан 19, 2017
Негізгі > Бас баған > Ақышев: Алдағы уақытта мемлекеттен зейнетақы төленбейтін болады

Ақышев: Алдағы уақытта мемлекеттен зейнетақы төленбейтін болады

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының уақытынан бұрын шешіп алу мүмкіндігі туралы сауалға жауап берді. 

“Зейнетақы жинақтары не үшін құрылады? Қартайған кезде жастық бейнеттің зейнетін көру үшін, яғни ертеңгі күнге қаражати жинау үшін құрылады. Ал зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алу дегеніңіз қартайған кезде зейнетақы алудан бас тарттыңыз деген сөз”, – деді Ақышев.

Оның айтуынша, қазіргі зқейнеткерлер зейнетақыны мемлекеттік бюджеттен алғанымен, алдағы уақытта бұл таңдау айтарлықтай қысқартылады.

“Тек қана кедейлік үшін төлемдер сақталады. Ал қалғандары зейнетақы жинақтау қоры есебінен төленбек. Ал сіз бүгін зейнетақы жинақтарын шешіп алсаңыз, қартайғанда зейнетақысыз қаласыз”, – деді Бас банкир.

“Азаматтардың әлеуметтік төлемдері үшін жауапкершіліктерін арттыру керек. Ал зейнетақы жинақтау жүйесі осы бағыттағы алғашқы қадам. Әрине, халықтың менталитетін өзгерту қиын және ұзақ жол. Дегенмен, ол керек нәрсе”, – деді Ақышев.

naryk.kz

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation