Сәрсенбі, Қаңтар 24, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > 8 жүлде семейлік самбошылардың еншісінде-әлем кубогы

8 жүлде семейлік самбошылардың еншісінде-әлем кубогы

Халықаралық «ЭКСПО-2017»  көрмесі аясында 6-8 шілде күндері Астана қаласында  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін самбодан Әлем Кубогы кезеңі болып өтті. Спорттық шарада 16 мемлекеттің самбошылары бағын сынаған еді. Ел намысын шығысқазақстандық спортшылар абыроймен қорғай білді.  Самбо күресі бойынша бір алтын, екі күміс, бір қоланы, сондай-ақ әскери самбодан қос алтын мен қос күміс жүлдені қоржынға салды.

Елбасының жүлдесіне арналған Әлем Кубогында Қазақстан құрама командасы, оның ішінде шығысқазақстандық құрама сапында өнер көрсеткен Семей қаласы бойынша №1 ШҚО ОР МБЖСМ-нің («Семей» спорт академиясы) тәрбиеленушілері де өте жақсы өнер көрсеткен. Жалпы командалық есепте 13 алтын, 12 күміс, 29 қола медальмен Қазақстан құрамасы бірінші орын алып, Кубок иегері атанып отыр.

Сонымен, әйелдер арасында Назгүл Елмұратова 52 кг салмақта ешкімге дес бермей, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, 74 келі салмақтағы Елдар Бейсембаев күміспен күптелді. 82 келі салмақтағы Жарқынбаев Руслан ІІ орын төрінен көрінсе, ауыр салмақтағы балуан Ерасыл Қажыбаев үшінші орынға көтеріле білді. Сондай-ақ, әскери самбодан Смаилов Асылбек пен Мәди Райхан чемпион атанса, Дайырбаев Мақсат пен Сәметов Айбек күміс жүлделерге қол жеткізе білді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен Әлем Кубогы кезеңінде танылған самбошыларымыздың пікірлеріне кезек берсек:

Ерасыл Қажыбаев:

«Тұңғыш Елбасымыздың жүлдесіне өткен додада бар күшімізді салдық. Осы жолы қола бұйырды. Негізінде өз салмағымда орыс, грузин және белорус балуандарын мықты қарсыластарым деп айта аламын. 

Назгүл Елмұратова:

«Алтын медаль алған самбошы ретінде өзімді бақытты санаймын! Менің салмағымда кореялық, өзбекстандық, румыниялық мықты қарсылас тар болды. Бапкерлерімнің арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздім

Руслан Жарқынбаев:

Әлем Кезеңі Кубогының мен үшін орны ерекше. Финалда кезіккен грузиндік самбошы екі жыл бұрын Еуропа чемпионы атанған. Жеңіс сапа бойынша басымдықпен  қарсыласыма бұйырды. Әрине, талай тәжірибелі балуандардың әдіс-тәсілдеріне куә болдым. Өзіме ыңғайлыларын жаттығу залында міндетті түрде іс жүзінде қолданамын деген оймен оралудамын.

P.S.: Айта кетерлігі, қыркүйек айында Түркіменстан астанасы Ашхабадта жабық алаңдағы Азия ойындары өтпек.  Ендеше, самбошыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінулерін тілейміз!

 А.Мамилова

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation