Сейсенбі, Желтоқсан 19, 2017
Негізгі > Спорт > Қанат Ислам Брэндон Куктан кейін тағы бір жекпе-жек өткізеді

Қанат Ислам Брэндон Куктан кейін тағы бір жекпе-жек өткізеді

Қанат Ислам жыл соңына дейін тағы бір кездесу өткізеді. Бұл туралы кәсіпқой боксшының өзі айтты. Ал оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, сенбі күні, 9 қыркүйекте шаршы алаңда жеңіліп көрмеген қос қарсылас қолғап түйістіреді. Бұл кездесуде Қанаттың иелігіндегі WBO Inter-Continental және WBO-NABO белбеулері сарапқа салынады.

Қанаттың қарсыласы Брэндон Кук 18 кездесудің 11-інде қарсыласын нокаутқа түсірген. Қанат Ислам 24 айқастың 19-ын ерте аяқтаған. Екеуі де мықты боксшылар.

Бокс кешінде Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов, Руслан Жанайбаев секілді саңлақтарымыз да шаршы алаңға шығады.

“Ол да мен секілді 20 жыл спортта жүрген адам болғандықтан, бәріне дайын болу керек. 24 кездесудің бәріне қалай дайын болсам, осыған да солай дайындалдым. Тарихтағы жақсы жекпе-жектерімнің бірі болады деп ойлаймын. Осындай үлкен жекпе-жекте еліме қуаныш сыйлағым келеді”, -дейді Қанат Ислам.

 

Дереккөз: 24.kz

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation