Сейсенбі, Желтоқсан 19, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Жаһан > 45 күн сайын терісін ауыстыратын “Жылан адам” Испаниядан емделмекші

45 күн сайын терісін ауыстыратын “Жылан адам” Испаниядан емделмекші

Ел естімеген ауруға шалдыққан 16 жастағы Шалини Ядава таяқсыз жүре алмайды. Себебі дүние есігін ашқалы қыздың терісі қабыршықтанып, әр 45 күн сайын түсіп отырады. Содан жас қыздың өзге дене мүшелері де зақымданған. Терісі құрғап әрі қатып қалмауы үшін ол күніне 24 рет ванна қабылдап, қайта-қайта ылғалдандырғыш иісмай жағуы қажет.

SWNS_SNAKE_SKIN_10

Бұл туралы шетелдік Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өкініштісі, Шалинидің отбасы кедей болғандықтан, оның жан-жарасын жеңілдету үшін ем-домға ақша жұмсай алмайды. Сондықтан да жасөспірімге көмектескісі келетін еріктілер тобы әлемдік емханалардан көмек сұрап, ақырында оның Испанияда тегін емделуіне қол жеткізді.

Көмек қолын созғандарға ризашылығын жеткізген жасөспірім өткен сенбіде емделу үшін Еуропаға аттанды. Айтпақшы, қыздың өзі Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында тұрады.

«Испанияға баратынымызды естігенде қатты қуандым. Бұрын бұл жерді тек теледидардан көрсем, енді өз көзіммен тамашалауға мүмкіндік алып отырмын», – дейді жас қыз.

SWNS_SNAKE_SKIN_04

Дәрігерлер Шалиниге «қызыл адам синдромы» диагнозын қойды. Жас қыз сирек кездесетін тері ауруына шалдыққан. Шалини дүниеге келген күнінен бастап әр 45 күн сайын терісін алдырады. Себебі оның терісі қабыршықтанып кетеді.

Ол күн сайын күндіз-түні денесін сулауға мәжбүр.

SWNS_SNAKE_SKIN_06

«Қызымның терісі алынып, жаны сыздаған кезде өзімді дәрменсіз сезінемін. Бұл ауру оны өлтірмесе де, өмірін улап жатыр. Қайда, кімге барып жүгінетінімізді де білмеймін. Бұлай қиналғанша, өлген артық сияқты», – дейді қыздың анасы Девкунвар.

Шалинидің екі бауыры ешқандай ауруға шалдықпаған. Олардың бірі – 15 жаста болса, екіншісі небәрі 8-де.  Қазіргі уақытта Шалини Испанияда тегін ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, ем-домнан кейін қыз өздігінен тұрып, жүре алады. Өз кезегінде ата-анасы қыздың тегін ем алуына атсалысқан барша жандарға шексіз ризалышықтарын білдірді.

SWNS_SNAKE_SKIN_09

*/ Бастапқы тақырып: Жұрт “жылан адам” деп атайтын бұл қыздың терісі әр 45 күн сайын түсіп отырады

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation