Сейсенбі, Желтоқсан 19, 2017
Негізгі > Бас баған > Семей сахнасындағы «Жарқанат» алаш қалашындағы алғашқы оперетта

Семей сахнасындағы «Жарқанат» алаш қалашындағы алғашқы оперетта

Иоганн Штраустың «Жарқанат» атты опереттасын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязовтың режиссерлігімен сахналанды. Астанадан арнайы келген режиссер табандылық танытып, бір жарым ай әртістермен қауырт жұмыс жасады. Салмағы да ауыр, деңгейі де жоғары классикалық шығарманы сахнаға шығару оңай болған жоқ. Десе де, Атам театрының әртістерінің шеберлік қуаты классикалық туындыны алып шықты. Екінің бірі бара бермейтін туынды сәтті қойылды.

Шығарма негізі Генрих Айзенштейннің соттан жеңіліс табуынан басталады. Түрме директоры,  Франк Альфредты , Айзенштейннің орнына қамап, оқиға желісін шиеліністіре түседі. Кезекті оқиға барысы Орловский князьдің үйінде болатын балмаскарадта жалғасады. Жарқанат киімінде  Розалинда екенін білмеген Айзенштейн  оған ғашықтық сезімін білдіреді. Өз әйеліне өзі ғашық болған, Айзенштейіннің әлегімен оқиға шарықтай түседі.  Қызықты, әрі тартысты қойылым соңы бір-бірінің қателігін түсініп, махаббаттары қайта жаңғырады. Махаббат деген ұлы сезімнің мәңгі болуы, бір-біріне деген адалдық, шынайылықтың нәтижесінде екендігін автор өз шығармасында сөз етеді. Көрерменді күлдіре отырып ой салады.

Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, ынтық, риясыз, нәзік сезімі. Сол көркем құбылысты әлемге танымал «Жарқанат» атты сұранысқа ие туынды барысынан байқай аламыз. Режиссер автордың айтпақ негізгі идеясын алға тартып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Әлемге әйгілі  опереттаны қазақ тілінде көрерменмен қауышып, ерекше ықыласқа ие болды.

Спектакльге театрдың толық актерлық құрам қатысты. Музыкалық спектакль болғандықтан, театрдың камералық оркестрінің еңбегі ерекше екенін айта кеткен жөн. Дирижер Данияр Сейілхадировтың табандылығы, еңбегі ұшан теңіс екенін спектакль барысында-ақ айқын көрінді. Басты рөльдерді сомдаған : Генрих Айзенштейн – Бекзат Омашев, Розалинда – Әсел Асылбекова , Фальк – Азамат Нұрғамыс , Альфред – Жәнібек Авленов , Адель – Ақерке Ризабекова , Блид – Думан Бакимбаев , Орловский – Мырзахан Сыдықовты шеберліктеріне, тамылжыта салған әндері мен әртістік таланттары спектьакльдің жанын кіргізіп, шығарманың шырайын ашты.

Абай атындағы мемелекеттік қазақ музыкалық драма театрының репертуары опереттамен толықты.

 

P.S. 29-30- қыркүйек күндері Абай атындағы мемлекеттік  қазақ музыкалық драма театрында  музыка классигі Иоганн Штраустың   «Жарқанат»  спектаклі сахналанған болатын.  Бұл Семей театрының сахнасында,  оперетта жанрында қойылған тұңғыш туынды .

 

Мерей Қартов, Әдеби бөлім меңгерушісі.

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation