Сейсенбі, Желтоқсан 19, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар жыл сайын 2000 түсік жасатады

15 пен 18 жас аралығындағы қыздар жыл сайын 2000 түсік жасатады

Қазақстанда жыныстық қатынасқа ерте түсетін жасөспірімдердің жасы анықталды. Бұл мәлімет арнайы сауалнама нәтижесінде белгілі болды.

Ауыл мен қала арасында сауалнама жүргізу нәтижесінде Қазақстандағы жеткіншектердін 14-19 жас аралығында жыныстық қатынасқа түсетіні белгілі болды, деп жазады bnews.kz.

Сауалнама колледж, әскери училище, ЖОО-дағы жастар арасында жұргізілді.

«15 пен 19 жас аралығында сауалнамаға жауап берген жастардың 80 пайызы жыныстық қатынаспен тұрақты айналыспайды. Ал қалған 20 пайызы сексуалды дебюті жайлы айтты. 20%-дың 8,4%-ы 14 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскен», – дейді Райымбек Сисемалиев семинарда сөйлеген сөзінде.

Зерттеуге сәйкес, 42% жігіттердің тұрақсыз жыныстық қатынаста екені белгілі болды. Олар бір уақытта екі не одан да көп қызбен қатынаста болады.

Соңғы бес жылда Қазақстанда жеткіншектер арасында 33 мың жүктілік тіркелген. Олардың 10 мыңы түсік жасатқан. Орта есеппен еліміздегі 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар жыл сайын 2000 түсік жасатады.

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation