Сейсенбі, Желтоқсан 19, 2017
Негізгі > Саясат > Қытай ұлттарды алаламайды, арбайды, жалмайды…

Қытай ұлттарды алаламайды, арбайды, жалмайды…

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй Қытайдың ішкі ісіне араласпауды сұрады. Ол бұл туралы Шыңжаңдағы қазақтардың қысым көріп жатқанына байланысты жауабында айтқан.

«Егер қытай төлқұжаты бар адамдарға қатысты болса, бұл Қытайдың өз ішкі ісі», – деді көрші елдің елшісі, деп жазды Караван басылымы.

Еске салсақ, БАҚ беттерінде бірнеше мәрте қытай қазақтарының қысым көріп жатқаны жайлы ақпарат тарады. Ал жуырда бұл мәселе ҚР парламентінің сенатында талқыланды.

“Компартияның ХIХ съезін өткізу қарсаңында Шыңжаңда бақылау күшейтіліп, барлық адамдарды тексеру жүргізілді. Ол тек қазақтарға ғана қатысты емес, қытайлар мен өзге ұлттарға да бақылау күшейтілді. Кейбір жерлерде құқық қорғау орындары қызметкерлері тым шектен шығып, асыра сілтеп жіберген.Біз ондай оқиғалар жайлы Пекинге мәлімет жібердік. Өйткені ол жақтағы шенділер хабарсыз болған”,- деді Чжан Ханьхуэй.

Оның сөзіне қарағанда, билікке қытайға қарсы шетелдік сепаратистік, лаңкестік күштер съезд қарсаңында Шыңжаң аймағында тұрақсыздық орнатуды көздеп, шу шығармақшы деген мәлімет келіп түсіпті. Кез келген үкімет ондай кезде шара қолданады деп атап көрсетті Қытайдың Қазақстандағы елшісі.

“Ондай жағдайда біздің азаматтардың елшілікке келіп айтқаны дұрыс.Мен барлық кезде көмектесемін.Қытай ұлттарды алалау саяатын жүргізген емес, жүргізбейді де.Шыңжаңда 1,5 млн қазақ тұрады.Олар қытай ұлтының ажырамас бөлшегі.

Екінші жағынан, егер ол қытай төлқұжаты бар адамдарға қатысты болса, бұл – Қытайдың өз ішкі ісі. Егер біз қателессек ол біздің жұмысымыз. Түзеткендеріңізге рахмет, бірақ араласуға болмайды», – деді қытай елшісі.

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation