Сейсенбі, Желтоқсан 19, 2017
Негізгі > Экономика > 2018 жылы еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай болады?

2018 жылы еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі қандай болады?

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің қандай қалыпта өзгеретіні туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты хабарлайды.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы көлемі (еңбекті) 8 %-ға, базалық зейнетақы және басқа да жәрдемақы түрлерінің көлемі 6 % өседі.

Сонымен бірге, базалық зейнетақыны тағайындаудың әдіс-тәсілдері де өзгереді. «Мәселен, бүгінде базалық зейнетақы төлемдері еңбек өтілі есепке алынбай барлығына біркелкі беріліп келсе, 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап еңбек өтіліне қарай есептеліп бөлінетін болады.  Светлана Жақыпованың айтуынша, жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған зейнетақы жарнасын ескере отырып, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі де, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі де еңбек өтілі есепке алынады.»-деп атап өтті вице-министр.

Дәл қазір елімізде базалық зейнетақы алатын 2 млн 139 мың адам бар. Олардың 44,1 %-ның базалық зейнетақысы екі есеге көтерілетін болады. Яғни, бұл зейнеркерлер бүгінгі күні – 14466 мың теңге алатын болса, 1 шілдеден – 28 274 теңге зейнетақы алады.

«Бұл шара еңбек өтілі көп бола тұра аз зейнетақы алып келген зейнеткерлердің зейнетақысын айтарлықтай жоғарылатуға, әлеуметтік әділеттілікті орнатуға мүмкіндік береді. Тағы бір ерекше атап өтерлігі, барлық уақытта жинақталған ынтымақты зейнетақы төлемдері инфляция деңгейінен 2 % артығымен төленіп келеді. Мәселе, өткен жылдары ресми статистика бойынша, инфляция деңгейі 7% болды, біз зейнетақы көлемінің индексациясы 9 %-бен есептедік»-деді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, қаңтардың 1-інен бастап, халықтың тұтыну шығындарының іс жүзіндегі құрылымына сәйкестендіру мақсатында, ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы да өзгертілетін болады. Қазіргі таңда оның мөлшері 24 459 теңге құрайды және күніне 2175 килокалория деңгейіндегі жан басына шаққандағы орташа энергетикалық құндылықты қамтамасыз ететін 43 түрлі азық-түлік атауынан тұрады.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, азық-түлік себетінің құрамы мен нәрлілік құндылығы аса мұқият әзірленіп, отандық мамандардың тиісті бағасына ие болған және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес келеді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі құрылымын өзгертудің мәні мынада: бүгінгі күні азық-түлік себетіне кіретін азық- түлік үлесі 60% , ал тағамдық емес тауарларлар үлесі 40% құрайды. Алайда арнайы зерттеулер жұмыстары нәтижесінде, халықтың тұтыну шығындарының іс жүзіндегі құралымын ескере отырып, сарапшылар себеттегі тағамдық емес тауарлар үлесін 45% -ға дейін ұлғайтуды ұсынып отыр.

Осылайша, 2018 жылғы 1-қаңтардан бастап, бұл ара салмақ 55% және 45% құрайтын болады. Құрылымның өзгеруі ең төменгі күнкөріс деңгейін де ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алдағы жылы 1- қаңтардан бастап ол 28 284 теңге құрайды. Ал бұл, Қазақстанның 3 млн. тұрғыны үшін әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі деген сөз.

Журналистердің азық-түлік себеті құрамына қатысты сұрақтарына жауап бере отырып, вице-министр, қазақстандықтардың кейбір тағамдарды тұтыну дейгейі, Германия немесе Франция сияқты дамыған елдер көрсеткішінен кем емес екендігін атап айтты.

«Ет тағамдарын тұтыну Франция мен Қазақстанда бірдей деңгейде деуге болады, көкөніс пен жеміс-жидек те солай. Біз олардың көрсеткіштеріне мейлінше жақындау үшін ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) стандарттарын енгізетін боламыз. Қазір біз бұған біртіндеп жақындап келеміз. Мұның әзірге ең төменгі стандарт екенін түсінген жөн. Ал базалық төлемдер, базалық мемлекеттік көмек мөлшері адамдар бойында, таза тұтынушылық мүдде, біреудің есебінен күн көруге деген талпыныс тудырмау үшін, әрқашан осы ең төменгі көрсеткіш деңгейінде болуға тиіс»,- деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation