Сейсенбі, Желтоқсан 19, 2017
Негізгі > Бас баған > «ДҮЛДІЛДЕР ДҮБІРІНЕ» құлақ түріңіз

«ДҮЛДІЛДЕР ДҮБІРІНЕ» құлақ түріңіз

Руханиятымыздың бесігі – Семей қаласында таяуда «Сәйгүлік сауырындағы жыр» атты шығармашылық кеш салтанат құрмақ. Кештің авторы өңіріміздің белгілі қаламгері Қайрат Сабырбаев. Жыр мерекесінің осылай өріс алуының алғашқы себебі – автордың «Дүлділдер дүбірі» атты кітабының мемлекеттік тапсырыспен жарық көруі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бағдарламасымен «Фолиант» баспасынан 5000 тиражбен басылып шығатын бұл кітап болашақта белгіленген бағыт бойынша еліміздің барлық кітапханаларына тарамақ. Әрине, мұндай ауқымды қолдау кез-келген автор үшін үлкен мерей!

Сол себепті де, автор осы бір туындысының республика аумағына қанат жайып жатқан қуанышын жырсүйер қауыммен бөлісуді жөн көріпті. Игілікті іске икемділік танытып жатқандар қатары да аз емес сыңайлы. Семей қаласының әкімдігі аталмыш кештің қала орталығындағы Абай театрында өтуіне мұрындық болса, Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филормония басшылығы ақын сөзіне жазылған әндерді сахнаға алып шығуға ниет білдірген. Өзге де мәдени мекемелер қалыс қалмайтыны байқалуда.  «Дариға-ай» жастар театры әртістері бастаған өнерпаздары «Дүлділдер дүбірі» кітабы бойынша поэзиялық композиция сахналамақ. Композиция режиссері болашақ актерлар ұстаны Мейрамгүл Ақшабекқызы. Еліміздің маңдайалды әншілері Баян Сағынбаева, Берік Омаровтардың орындауында жаңа әндер шырқалмақ. Соған қарағанда, «Сәйгүлік сауырындағы жыр» көрермендер көңілінен шығатын  рухани кештің біріне айналмақ.

Кеңірек алып қарасақ солай болатын да жөні бар. Өйткені, кеш авторы Қайрат Зекенұлы Сабырбаев өңірімізгі белгілі ақын, білікті журналистің бірі.  Ол журналистік ширек ғасыр ғұмырында Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тарихы мен мәдениеті тақырыбына талмай қалам тартып келеді. БАҚ саласындағы қадамын тілші болып бастаған қаламгер республикаға тарайтын «Ертіс өңірі» газетінің Бас редакторы, Семей қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы, «НұрОтан» партиясының Семей қалалық филиалының баспасөз-хатшысы қызметтерін атқарды. Бүгінгі таңда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің жетекші ғылыми қызметкері. Сонымен бірге, Қайрат Зекенұлы «Жерұйық» порталы мен эксклюзив журналдар» жобасының жетекшісі.

Бұл оның журналистикадағы қолтаңбасы десек, Қайрат Зекенұлы негізінен қазақ поэзиясында өзіндік үні бар ақын. 4 кітаптың авторы. Жырлары «Жыр маржаны» Қазақ ақындары антологиясына енген. Өнердегі жолын айтыс сахнасынан бастаған ол 1990 – 2000 жылдар аралығында өңірлік, республикалық жыр-додаларда шыңдалған. Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.

Еліміздің руханият саласына осылай үлес қосып келе жатқан қаламгердің жыр-кеші тыңдарманына сөздің құнарын, ойдың шынарын сыйлап, тамаша әсер қалдырады деп күтілуде.

Ойлай болса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семейдің Абай театрында 1 желтоқсан күні сағат 16.00 де басталатын жыр мерекесінде жолығайық. Келем деушілерге есіке ашық.

«Жерұйық» порталы.

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation