Сейсенбі, Желтоқсан 19, 2017
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > «Сәйгүлік сауырындарғы жыр» дегеніміз не?

«Сәйгүлік сауырындарғы жыр» дегеніміз не?

 

«Сәйгүлік сауырындарғы жыр» дегеніміз не?

Бір ғана жылқы малының түр-түсі мен қасиетіне қатысты сан түрлі атау осы біздің қазақ халқында ғана бар шығар. Не деген тіл байлық! Бұл ата-баба танымының бізге жеткен бір бөлшегі ғана. Мысалы, жүйірік жылқыны жанындай жақсы көрген қазақ оны Дүлділ, Пырақ, Сәйгүлік, Арғымақ, Қазанат, Тұлпар деп ерекше әспеттеген. Солай болуы да тиіс. Себебі, біз үшін дүлділ жылқы – ұлы дала символы!

Әлемдік картадан тоғызыншы орын алып отырған байтақ даламыз білектің күші, найзаның ұшымен қорғалғаны анық. Алайда, сол білек пен найзаны жетер жеріне жеткізудегі тұлпарлардың рөлін де ескеруіміз керек. Осы тұрғыдан келгенде кеш авторы Қайрат:

Қазақ үшін Сәйгүліктер – төл дастан,

Шапқан сайын тұрпатына өң қосқан.

Шекараға атойлатып бабалар,

Тұлпарлардың тұяғымен мөр басқан – деп осы бір шумақтың өзімен-ақ талай ойдың түйінін жеткізіпті.

Ал, шығармашылық кештің неліктен «Сәйгүлік сауырындағы жыр» деп аталуының себебіне үңілсек, оның сыры тіптен арыда жатыр екен. Автордың ойынша қадым жылдардан бергі жыр-дастандарды алып қарасақ, баһадүр ерлердің ерлігі айтылған жерде оның астындағы тұлпарының қасиеттері қоса сипатталып отырған. Ақтанберлінің «Клдір-күлдір кіснетіп, күреңді мінер ме екенбіз» дегенінің өзі – бүтіндей ежелгі елдігіміздің көрінісіндей. Сондықтан, «аттың жалы, түйенің қомында туған батырлар жырының, ауызәдебиетіміздің  барлғын сәйгүлік сауырында жазылған жыр деп қабылдауға болады», дейді «Дүлділдер дүбірі» кітабының авторы Қайрат Зекенұлы. Соған қарағанда «Сәйгүлік сауырындағы жыр» атты кеш әдеттегі шығармашылық кештерден өзгешелеу өтетіні көрініп тұр. Олай деуімізге жыр кешінің үштен бір бөлігі «Қазақ білген қазанатта құт барын» немесе «Аттың бабын білген адам – сұңғыла» деп басталатын тұлпарлар тақырыбына арналған.

Бәрінен бұрын, сөздің дәні мен ойдың нәрін сыйлайтын мұндай рухани мерекені көзбен көріп, құлақпен естіп қайтқанға не жетсін!

P.S.Кеш Семейдің Абай театрында 1 желтоқсан күні сағат 16.00 де басталады. Кіру тегін.

                                                                                            М.Мүфтиұлы

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation