Сейсенбі, Шілде 17, 2018
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > Ф.Маратұлы: Әлдекімдер айтысты екіге жарыпты

Ф.Маратұлы: Әлдекімдер айтысты екіге жарыпты

Әлдебір күштер жанталасып жүріп айтысты екіге жарды. Менің ойымша ол жаудың ісі. Қазақ біртұтас болғаны секілді айтыс та біртұтас болу керек қой.

Мен 2002 жылы алғаш рет Жүрсін ағаның сынынан өтіп үлкен айтысқа шықтым. Оразалы ағамыз да бар ол кезде айтыста. Қай айтыс болсын Барлық ақындар бір үйдің баласындай бірге ойнап, бірге күліп, бірге тойлап, бірге жүретін еді. Кейінгі жылдары Жүрсін Ерманды мойындамайтын ақындар шығып үй ішінен үй тігілді. Мен Кейінгі 4-5 жылдай айтысқа шықпай жүрдім де енді келіп қатыссам ақындардың арасы астаң-кестең. Өзара баталасып алған екі топ. Мен әуелден “келіннің бетін кім ашса сол ыстық” Жүрсін ағаға бардым. Қалбатауда өткен дүбірлі айтысқа қатыстым. Аллаға шүкір, xалықтың ықыласы жақсы.

Ақындардың арасындағы аражіктің қаншалықты екенін білмеппін. Ортаға түскен соң түсіндім ненің не екенін. Содан соң Мақсұт ағам қолқалап шақырып Астанада “Руx жаңғырығы” деген айтысқа түстім. Онда барсам алдымнан Айнұр Тұрсынбаева әпкем шығып, аман сәлем жоқ “Сені кім шақырды бұл айтысқа?!” деп шүйлікті. Тәуір сыйласып бауырым деп жүрген әпкеміздің дүрсе қоя бергенін ұқпадым. Мен спонсорлардың қатарындағы ағамды айттым. Жанында Балғымбек, Жандарбек, Сырым, Талғат пен Мұрадым в общем 8-9 ақын тұр бірге. Сөйтсем ол айтысты әуелде Жүрсін аға өткізбек болған екен де кейіннен жолын тауып Балғымбек ағамыз ұйымдастыратын бопты.

Менен басқа Шығыс Қазақстаннан кеп тұрған 6 жас ақын бар жанымда, бәрі үлкен айтысқа алғаш шығып тұр. Және айтыстың ардагері Қабдыжәлел Закария ақсақал бар. Айнұр бастаған 8 ақын әуелден 3-4 күн бұрын өзара жұпталып алған екен. Біз жұпсыз қалдық. Айнұр әпкеміз ашық айтты: “Сендер 8 біз 8. Біздің жұптар осы сендермен айтыспаймыз!” Демеушілер оларға бөле жарылмай бәрің ортақ саxнада жұпталыңдар десе Айнұр бастап 8 ақын “Ендеше айтыспаймыз” деп есікке беттеді. Демеушілер “Ойбай, дегендерің болсын” деді, (Бұл сөздерімді қуаттайтын кемі 10 куәгер бар).

Осындай сорақы жайтты көріп таң тамаша болдым. Бәрі де елге аяулы ақындар, Жүрсінді жүре тыңдаймын деп жеткен жетістіктері осы. Өзім құрметтейтін ақындардың сорақы түрін көріп іштей қатты күйіндім. Жүрсін ағаның назасы бекер емес екен ағайын. Қиыр жайлап шет қонған әріптестерім ортаға қайта қосылса деп тілеймін.

Кім не десе де Жүрсін Ерман айтысқа адал көңілмен келген адам. Соңғы 30 жылда қазақ айтысының дамуына әсер ете алған реформатор сол ғана. Ол айтыстың қожайыны емес қамқоршысы. Қазақ xалқының руxани дүниесі әлсіреп тұрған алмағайып сәтте айтыс қамқоршыға зәру.

Айтыс ол үлкен насиxат құралы. Бірақ ол xалықтан басқа ешкімге бағынбайды…

Дереккөз:  www.facebook.com/FarhatKuandyk? 

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation