Сәрсенбі, Қаңтар 24, 2018
Негізгі > Бас баған > Астанада жаңа жылдық шырша өртенді

Астанада жаңа жылдық шырша өртенді

Астанада қаласындағы Орталық саябақта жаңажылдық шырша өртенді. “Бүгін, 25 желтоқсанда сағат 06.19-да Тұран көшесінде тұрған шыршаның өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Өрт сағат 06.38-де сөндірілді. Жедел қызметтегілер мен өрт сөндірушілердің арқасында өрт ары қарай таралмады”, – деп ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі  Руслан Иманқұлов төтенше жағдайдың бүгін, 25 желтоқсанда таңғы уақытта болғанын хабарлады.

Сондай-ақ, ол өртті сөндіру екі дана техника мен Астана қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 10 адамның жұмылғанын айтты. “Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ”, – деді Руслан Иманқұлов. Төтенше жағдайлар комитетіндегілер тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

tengrinews.kz

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation