Дүйсенбі, Шілде 23, 2018
Негізгі > Бас баған > Нью-Йоркте «Болашақ» бағдарламасының студенті қайтыс болды

Нью-Йоркте «Болашақ» бағдарламасының студенті қайтыс болды

«Болашақ» бағдарламасының магистранты, Қазақстанның бұрынғы сенаторы Ермек Жұмабаевтың ұлы – Асқар Жұмабаев Нью-Йоркте көз жұмды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

«Қаза болған Асқар Жұмабевтың денесі Нью-Йорктегі бас консулдықтың көмегімен Қазақстанға жеткізілді. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, жүрегі тоқтап, көз жұмған», – деп хабарлады ведомствода.

Асқар Жұмабаев «Болашақ» бағдарламасымен оқып жүрген. Оның әкесі Ермек Жұмабаев 1995-2014 жылдары Қазақстан сенатының депутаты болған.

Естеріңізге сала кетейік, Ригада ҚР Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің баласы Асылбек Мусин қайтыс болған еді.

Baq.kz

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation