Сейсенбі, Сәуір 24, 2018
Негізгі > Бас баған > Елімізде 12 бағыт бойынша әуе рейстері субсидияланады

Елімізде 12 бағыт бойынша әуе рейстері субсидияланады

Халықтың астана мен өңірлер арасындағы әуе қатынасына, өңірлер арасындағы байланысқа, сондай-ақ, 2018 жылы туристік нысандардың қолжетімдігіне деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында мынадай бағыттар субсидияланатын болады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлайды.

Субсидияланатын бағыттар мыналар:
1) Қарағанды – Қызылорда – Қарағанды, 18 000 тенге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;
2) Өскемен – Қарағанды, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
3) Көкшетау – Ақтау,
20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
4) Алматы – Көкшетау,
18 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
5) Алматы – Петропавл,
20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
6) Астана – Талдықорған; 24 500 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 7 рет;
7) Петропавл– Шымкент, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;
8/ Астана – Петропавл, 14 300 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;
9) Астана – Үшарал (Алакөл көлі.) 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
10) Алматы – Балқаш, 14 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет
(6 ай);
11) Астана – Үржар (Алакөл көлі.), 19 500 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет (6 ай);
12) Алматы – Үржар (Алакөл көлі.), 16 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет (6 ай).

“Рейстерді субсидиялау бағдарламасы 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы кезеңдерде 10-нан астам әуе бағыты коммерциялық негізге көшірілді. Қазіргі уақытта бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі Қазақстандағы туристік бағыттарды дамыту” – дейді Азаматтық авиация комитетінің баспасөз хабарламасында.

Айта кететін жайт, барлық тарифтер тек бір бағытқа ұшу үшін ғана көрсетілген.

zheruiyq.kz

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation