Дүйсенбі, Шілде 23, 2018
Негізгі > Бас баған > САХАРАДА ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАР ЖАУДЫ

САХАРАДА ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАР ЖАУДЫ

Сахара шөлінде екінші жыл қатарынан қар жауды, –  деп хабарлайды желілік алжир газеті TSA.

Қар Алжир қаласы Айн-Сафрада  жексенбі күні таңертең басталған. Қардың түсу деңгейі 40 см-ге дейін жетіп, күннің соңына қарай ери бастаған.

Дәл осындай қалың жауған қар өткен жылы да Айн-Сафра қаласын басып қалған. Бұл өлкеге қар ең бірінші рет 1979 жылдың ақпан айында түскен екен.

Жаз мезгілінде Айн-Сафра ауданында ауа температурасы 37^  Цельсий градусты көрсетсе, қыста температура көрсеткіші  0^ градус шамасында болып тұрады.

Айта кетейік, Сахара шөлі –  9 000 000 шаршы км аумақты қамтитын әлемдегі ең үлкен шөл. Бұл құмды шөл Солтүстік Африканың бүкіл жазығын алып жатыр.

Қайролданова Назерке

zheruiyq.kz

 

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation