Дүйсенбі, Шілде 23, 2018
Негізгі > Пайдалы кеңестер > Керек дерек > ТУҒАН ЕЛГЕ СОҢҒЫ СӨЗ – Ғ.МҮСІРЕПОВТЫҢ СОҢҒЫ ЖАЗБАСЫ

ТУҒАН ЕЛГЕ СОҢҒЫ СӨЗ – Ғ.МҮСІРЕПОВТЫҢ СОҢҒЫ ЖАЗБАСЫ

Кешегі өткен Ғабиден досқа: “Енді екі жыл жүрсек жетпей ме?” дегенім бар еді. Сол мөлшерім мөлшер болды. Қойны суық қасиетті қара жер құшағына, міне, мен де кеткелі жатырмын.

Үмітпен, күреспен, сеніммен өткізген ұзақ ғұмырымды қорыта қарасам, қуанышым да, ренішім де мол екен. Жас қазақ мемлекетінің биік туы менің көз алдымда көтерілді. Бүгінде күллі әлем назары ауған іргелі елге айналдық. Бірақ әдебиет пен өнер ұлы болмаған жағдайда ұлт ұлы болып есептелмейтінін ұмытпайықшы. Жан сүйсінтер бірлік жоқ жерде саналы тірлік те жоқ. Кейде мыстың алтынға, қыранның қарғаға телініп жататыны – осының кесірі. Үлкен өнердің үлкен, таза мінезі болу керек. Өзім іргетасын қаласқан қазақтың ата буын әдебиетінің атынан өтінемін: мені соңғы сапарға шығарып саларда осы ақтық тілегімді еске алыңдаршы.

Қалам ұстауға халім болмағандықтан, хатты Әлжаппар мен Мұхтарға айтып жаздырдым.

Ал, қасиетті елім, жерім, қиыспас дос-жаран, ағайын-туыс. сәулелі жас ұрпақ, қош, қош болыңдар!

Ғабит МҮСІРЕПОВ

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation