Сейсенбі, Шілде 17, 2018
Негізгі > Бас баған > 82 000 тг – 1 шілдеден бастап зейнетақының ортақ мөлшері

82 000 тг – 1 шілдеден бастап зейнетақының ортақ мөлшері

2017 жылы теңгенің құнсыздану деңгейі 7,1 % бола  тұра,  2 миллион қазақстандық зейнеткер 20 % өскен зейнетақы алып үлгерді. Зейнетақыға кеткен жылдық қаражат – 1,6 трлн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы 6 %-ға, ынтымақтық зейнетақы 8 %-ға өсіп, айлық ортақ мөлшер 72 мың теңгеге жетті.

Еске салсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 ж 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа тәсілін енгізбекші. 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатынын мәлімдеген болатын.

Бұл өз кезегінде «2,1 млн зейнеткер үшін базалық зейнетақы 1,8 есеге» жоғарылайтынының көрсеткіші (44,7% ең төменгі күнкөріс деңгейінен 74% көп, 45,2% ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100% көп алатын болады).  Ортақ зейнетақы мөлшері 2018 жылдың 1 шілдесінен 82 мың теңгені құрайды.  Ал осы жылға мемлекет есебінен зейнетақыға 1.9 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді деп жоспарлануда.

Қайролданова Назерке

Zheruiyq.kz

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation