Бейсенбі, Тамыз 16, 2018
Негізгі > Руханият > Дәстүр > Астанада Шоқыну мерекесінде шомылуға келген қазақтар саны өзге ұлттардан басым түскен

Астанада Шоқыну мерекесінде шомылуға келген қазақтар саны өзге ұлттардан басым түскен

18 қаңтар күні әлем провославтары Шоқыну мейрамын атап өтеді. Түнгі сағат 12:00-ден бастап келесі күнгі түн ортасына дейін шомылу мерекесін астаналықтар да ерекше ықыласпен қарсы алды деп хабарлайды Nur.kz.

 

Наным бойынша, Шоқыну күні барлық су қоймаларындағы сулар қасиетті саналады. Өйткені, бұл Иса Пайғамбар Иордан өзенінде шомылған күн. Мұзды суда шомылу барлық күнәлардан тазартып, сырқаттардан айықтырады деп есептеледі.

Шоқыну күні қатты аязға қарамастан Есілде шомылған адамдардың санында шек болған жоқ. Кейбіреулері қасиетті суды алуға келсе, енді біреулері мұздай суға түсуден бас тартқан жоқ.

Аталған рәсімді өткізу үшін палаткалар тігілген қалашық пайда болды. Мұз суатына баратын ағаш сатылар дайындалып, киім ауыстыратын палаткаларға апаратын жолдар да ағаштан жасалды. Бұл күні құтқарушылар мен жедел жәрдем өкілдері де қарауылда болды.

Шоқыну күні шомылуға келгендердің бірі киімін кию үшін жүгіре жөнелсе, енді бірі шешінген күйінде аязда жүріп алды.

Шоқыну мерекесінде шомылуға келгендердің діни сенімдері де әртүрлі болды. Алайда, бұл күні христиандардың да, мұсылмандардың шомылатыны астаналықтар үшін таңсық емес.

Есілде шомылып жүрген қазақтардың саны тіпті орыс, украин және өзге де славян тектес ұлт өкілдерінің санынан әлдеқайда асып түсті.

“Сіз неліктен шомылуға келдіңіз” деген сұраққа әркім әртүрлі жауап қатты. Бірі “Біздің құдайымыз бір, мен дінге бөлмеймін” десе, енді бірі “Менің орыс достарым көп, сондықтан, оларды қолдауға келдім” деп жауап берді.

“Бұл денсаулыққа пайдалы, сол үшін шомылғым келді”, “Мен бірінші рет келдім. Менің мұсылман болғанымда тұрған не бар? Бұл денсаулыққа пайдалы” деп жауап қайтарғандар да бар.

Nur.kz

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation