Сейсенбі, Сәуір 24, 2018
Негізгі > Спорт > Ислам Бозбаев Тунистегі Гран-При турнирінде алтын иеленді

Ислам Бозбаев Тунистегі Гран-При турнирінде алтын иеленді

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев (90 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде) Тунисте өтіп жатқан әлемдік Гран-при кезеңінде жеңіске жетті.

26 жасар Бозбаев ақтық жекпе-жекте бірнеше секунд ішінде әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған, Венгриядан келген спортшы Криштиан Тотомды (иппон) жеңді. Ал ақтық сынға дейін Лондон олимпиада қатысушысы тунистік Джобран Ананды (иппон), Словакиядан келген Петер Жилкті (вазари), чехиялық Давид Кламертті (иппон) жеңді.

Еске салсақ, Ислам Бозбаев Гран-При турнирінде екінші рет жеңімпаз атанып отыр. Спортшы 2013 жылы Алматыда өткен жарыста жеңімпаз атанған болатын. Бұл – Исламның ел қоржынына салған  екінші алтыны.

Қайролданова Назерке

Сурет sport.kz сайтынан алынды

 

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation