Жексенбі, Ақпан 25, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Қазақстанда қар түсіп, жел күшейеді

Қазақстанда қар түсіп, жел күшейеді

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2018 жылғы 5 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстар жайлы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі,  тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте, солтүстікте, солтүстік- батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

“Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын және жел 15-23 м/с күшеюі сақталады. Шығыс Қазақстан. облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр бұрқасынмен күшейеді. Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы секундына 18 метр күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді”, – делінген хабарламада.

tengrinews.kz

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation