Сейсенбі, Сәуір 24, 2018
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > Серікжан ҚАЖЫТАЙ “Мағжанды қазір атады”

Серікжан ҚАЖЫТАЙ “Мағжанды қазір атады”

 (атылу жыры)

Қырандай болған қатары,

Ұрандай болған атағы.

Ғазал боп кеткен ақынның,

Ажал кеп көзін матады,

Ду етті кенет бір тобыр,

-Қараңдар,әне қараңдар,

Мағжанды қазір атады,

Мағжанды қазір атады.

 

Өлеңге айналған жөргектен,

Болмысы балбал өр неткен.

Тартқызбай кеткен айылын,

Қазақтың ұлы шайырын,

Ар емес адам сотына,

Әкеле жатты жендеттер.

 

 

Жан деген үркек құс бейне…

Жемтігін ажал түстей ме?

Туылған елдің бағы үшін,

Арманда кетті-ау арысым,

Ду етті тағы бір тобыр,

-Құдайым ара түспей ме?

 

Арманы өліп кетердей,

Аңсаған көкке жетер ме ой?

Халықтың жауы дегенің,

Алыптың ауы екен ғой.

 

 

Артында жылап халық тұр,

Алдында мылқау табыт тұр.

Үзілді Гүлсім ұршығы,

Атылды жендет мылтығы,

Көзінде сөнді жарық нұр.

 

Жүрегі оның ұяңды,

Махаббаты елдің сия алды.

Оқ болып біткен қаруға,

Ақынның жанын алуға,

Ажалдың өзі ұялды.

 

Білді олар басын имесін,

Жүрекпен елін сүйгесін.

Домалап көзден жас ақты,

Домалап кетті түймесі.

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation