Бейсенбі, Мам 24, 2018
Негізгі > Экономика > «Өз талыңды отырғыз!» акциясын қолдайық!

«Өз талыңды отырғыз!» акциясын қолдайық!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2016 жылы
Астана қаласында өткен жалпы республикалық сенбілікте: «Егер әрбір адам
өзінің туған күнінде ағаш отырғызса, онда бізде әр жыл сайын 18 млн
ағаш пайда болар еді», – деген болатын.
Елбасының осы сөзіне үн қосып «Ауыл» Халықтық-демократиялық
партиоттық партиясы «Өз талыңды отырғыз!» атты бүкілхалықтық акция
ұйымдастыру жөнінде бастама көтеріп отыр. Оның аясында Наурыз мерекесі
қарсаңында еліміздің әрбір азаматын кем дегенде бір түп ағаш отырғызуға
шақырамыз.
Барша азаматтарды, қоғамдық-саяси партияларды, қоғамдық
ұйымдарды және мемлекеттік органдарды «Өз талыңды отырғыз!» деген
ұранмен сенбілік өткізуге үндейміз.
Жергілікті атқарушы органдарды, қалалық, аудандық, ауылдық
әкімдіктерді ағаш отырғызуға арналған арнайы орындар бөліп, қажетті
құрал-жабдықтармен, көшеттермен қамтамасыз етіп, игі шараның жоғары
деңгейде өтуіне атсалысуға шақырамыз.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен жалпы білім беретін
мектептердің жетекшілері мен педагогтар ұжымдарын жастар мен балаларға
туған өлкесін көгалдандырудың маңыздылығын түсіндіруге арналған ашық
және сыныптан тыс сабақтар өткізуге шақырамыз.
«Ауыл» партиясының бастамасы туған өлкесінің экологиясына бей-жәй
қарамайтын ел азаматтары тарапынан қолдау табатынына сеніміміз мол.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Бұл акцияны отбасы мүшелерімен, ұжыммен
немесе көрші-қолаңмен бірлесіп атқарсақ, игі мақсатымызға жетеріміз анық.
Әрбір адам өзінің жақындарымен, әріптестерімен, ниеттес адамдармен кеңесе
келе, тал егетін орынды өздері белгілейді. Жас көшеттерді саяжайларда,
бақшада, үйдің ауласына, өзен жағасына немесе өзі тұратын көшенің бойына
отырғызса болады. Әлбетте көшеттерді егу жұмыстың жартысы ғана.
Отырғызылған жасыл желек ерекше күтімді қажет ететіндігі белгілі.
Сондықтан оны ыңғайлы әрі күтуге мүмкіндік жасалған жерлерге, мысалы,
саябақтарға, аллеяларға отырғызған жөн.
Сіздер мен біздердің елді-мекендерді көгалдандыруға арналған
бастамаларымыз БҰҰ Бас Ассамблеясының 21 наурызды Халықаралық
Орман күні деп белгілеу туралы шешімімен де үндесіп жатқандығын айта
кетеуіміз керек. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында еліміздің

Оңтүстік өңірлерінің тұрғындары ағаш отырғызса, басқа облыстардың
азаматтары аталмыш акцияны ауа райы қолайлы кез-келген күні өткізсе
болады.
«АУЫЛ» ХДПП БАСТАМАСЫН ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation