Сейсенбі, Шілде 17, 2018
Негізгі > Спорт > Семейдің  балғын футболшылары Алматыдан жеңіспен оралды

Семейдің  балғын футболшылары Алматыдан жеңіспен оралды

Барлығымыз білетіндей Семей шаһары ол – Қазақстан футболының отаны болып саналады. Себебі, дәл осы қалада еліміздің тұңғыш футбол командасы құрылған, ол «Ярыш» деп аталған. Содан болар Семей қаласының футболы қай кезде болмасын жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Осы жолы да қоржынымыз тағы жүлдемен толықты. Ол Алматы шаһарында 2007 жылғы балалар арасында футбол ойынындағы жерлестеріміздің жетістігі. Наурыздың 20-24 күндері  аралығында  өткен «Наурыз 2018»  халықаралық турнирде Семейдің намысын қорғаған «Цементник» командасы топжарып, жанкүйерлерін бір қуантып тастады.

Жарыс екі кезеңді қамтыды.  Бірінші айналымда командалар топқа бөлініп, дөңгелек жүйедегі ойындар арқылы Плей-офқа жолдама  алу үшін сынға түссе, ал екінші кезеңде «Playoff» қатысушылары «кіреске кірес» жүйесі бойынша өз араларында «кіл мықтыны» анықтады.

Кіл  мықтылар жиналған бұл спорттық додаға Республикамыздың әр түпкірінен, сондай-ақ жақын шетелдерден келген жалпы саны 10-ға жуық команда қатысқан болатын. Барлық аймақтардың командалары мықты дайындықпен келсе де, біздің кішкентай аяқдопшыларымыз ешқай командаға дес бер мей, тек алға ұмтылды, – дейді команданың бас жаттықтырушысы  Игорь Алексеевич

Жеңіске жеткен жас спортшыларымызды алғашқы халықаралық жарыстарының бірінде  жеңімпаз атанғандарымен шын жүректен құттықтаймыз. Енді ғана футбол алаңына енген жас футболистер алдағы уақытта толағай жеңістері көп болғай! Болашақта зор үміт күттіретін, есімі әлемге танымал әйгілі футболшылардың бірі болатындарына сенеміз!

Ғанибек Түсіпбек, «Жерұйық» порталы.

 

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation