Сейсенбі, Сәуір 24, 2018
Негізгі > Спорт > Жүлде де, грант та қолында!

Жүлде де, грант та қолында!

Семейдің спортшылары өздерінің толағай жеңістерімен жерлестерін қуанта түсуде. Таяуда тағы да бір додада асығымыз алшысынан түсті. Нақтырақ айтсақ, Петропавл қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасында кекушинкай-каратэден өткен Қазақстан Республикасының 21-ші чемпионатында  жерлесіміз Аслан Жаппаров 1-ші орынды иеленіп, сонымен қатар  турнирдегі «Ең үздік спортшы» аталымына қол жеткізді. Ол осы жетістігі үшін  М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 1,5 млн. теңгелiк  4 жыл тегін оқу грантын жеңіп алды.

Жарысқа еліміздің түпкір-түпкірінен 15 команда қатысып, өзара сынға түсті. Ал, осы чемпионатта оза шапқан шын жүйріктер биыл Қарағанды қаласында өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғамақ.

ШҚО киокушинкай каратэ федерациясы басшысы Денис Хижняк: – Бұл  чемпионат талапқа сай жыл сайын ұйымдастарылады. Жарысқа Әлем және Еуропа чемпионаттарында орын алып жүрген мықты спортшылар қатысқандықтан  бәсекелестік өте жоғары. Финалда Аслан Жаппаров 2016 жылы Еуропа чемпионатының жеңімпазы, тәжірибиелі Астаналық  спортшымен жұдырықтасып, тағы бір мәрте өз мықтылығын дәлелдеді.  Шыны керек, оның жеңіске деген ұмтылысы мен тьңғылықты дайындығы болмағанда  айтарлықтай үздік нәтижие көрсете алмаған едік.

Ал, өз кезегінде  барлық қарсыластарын шаң қаптырған, біздің мақтанышымыз Аслан Жаппаровтың айтуынша, бұл оның бірінші жеңісі емес, осыған дейін де «Еуразия кубогы » халықаралық турнирінде,  Европа чемпионатында  және тағы да басқа бірталай  турнирлердің жеңімпазы атанған. Ендігі алға қойып отырған мақсаты Киокушинкай-каратэден әлем чемпионатында топ жару. Олай болса Асланды  жеңісімен  құттықтай отырып, алдағы уақытта әлемнің мықты спортшылары бақ сынайтын, барлығының назарын өзіне қарататын дүбірлі  додада жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуіне тілектеспіз.

Ғанибек Түсіпбек, «Жерұйық» порталы

 

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation