Бейсенбі, Тамыз 16, 2018
Негізгі > Сұхбат > СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ «ТӨРЕЛІК»  

СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕГІ «ТӨРЕЛІК»  

 

Соңғы екі жарым жыл ішінде еліміздегі барлық соттар «Төрелік» ақпараттық жүйесіне толығымен көшіп, іс пен сот өндірістері осы бағдарлама тіркеуі арқылы жүзеге асырылып келеді. Аталмыш жаңашылдықтың игіліктері турасында Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Айтжамал Темірханқызы Молдағожинамен сұхбаттасқан едік.

– Істі едәуір жеңілдететін және сот процесінің ашықтығын арттыратын «Төрелік» жүйесінің артықшылығынан бастасақ әңгімемізді…

  Қолданыстағы «Төрелік» сот құжаттарының базасы, «Сот кабинеті» сервисі, «Аудио-бейне тіркеу» жүйесі, «Істер санаты бойынша бірыңғай жіктегіш» жүйесі шын мәнінде сот саласын ілгерілетті.   Айталық, «Төрелік» жүйесі барлық процессуалдық құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді, бақылау мерзімінің бұзылу фактілерін тіркеуде. Ал, аудио-бейне тіркеу сот процесінің ашықтығын арттырып келеді, енді жұртшылықтың сотқа сенімсіздігін, күмәндарын сейілтуге мүмкіндігі бар. Бүгінде қазақстандықтар электронды-сандық қолтаңба алу арқылы  үйден шықпастан, кез- келген уақытта ғаламтор жүйесінің көмегімен қажетті ақпаратты ала алады. Жалпы сот қызметіндегі жаңашылдықтарға қатысты азаматтар 1401 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып біле алады.

– Сонда «Tөрелік» жүйесі соттарды қағаз тасымалдаушылардан барынша арылтуға ықпал етуде, солай мес пе?

 Ғылыми-техникалық прогресс заманында барлық  саладағы операциялар автоматтандырылды. Бұл жүйе сот мамандарының жұмысын барынша жеңілдетеді. Бүгінде өтініштер мен жүгінулердің көбі «Сот кабинеті» жүйесі арқылы келіп түседі. Бұл жерде процеске қатысушылар хат-хабарды жіберерде мәліметтері мен өтініштерінің мәнін өздері толтырады. Ал, жеңілдетілген жүйе, яғни ақпараттандырылған болып табылатын «Tөрелік» жүйесінің ерекшелігі сонда – Қазақстандағы барлық соттар бір типтік номенклатура бойынша жұмыс істейтінінде.

Іс тіркелгенде тараптардың ұялы телефоны көрсетіледі де, оларға автоматты түрде СМС жіберіледі.

– Демек, нәтиже жұмыстың жүйелілігіне байланысты ғой? Кеңседегі әр маманның лауазымдық міндеттері сот төрелігінің сапалылығына тікелей әсер етеді деген сөз…

– Сот жүйесінде  басты іс жүргізу құралы  ретінде енгізілген бұл жүйе алдымен «бітпейтін» қағазбастылықты жойды. «Төрелік» бағдарламасының ең  тиімді тұсы  – берілген тапсырмалар бақыланып, дер кезінде орындалуына себепкер болуында. Бұл ретте, әкімшілік істерді қарайтын Семей қалалық мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің мамандарына сот төрелігін жүзеге асырудың ортақ міндеттерін атқаруға мүмкіндіктер берілген. Айталық, мекемеміздегі кеңсе меңгерушісі сот қызметкерлерінің арасында жұмысты және міндеттерді бөліп, орындауын бақылап, істерді, материалдарды, шағымдарды автоматты түрде бөлу жұмыстарын  ұйым дастыруға жауапты. Ал, кеңседегі бас мамандар сотқа түсетін ұсыныстарды, арыздарды, шағымдарды тіркеп қана қоймай, оларды қарау мерзімдерінің  сақталуын қатаң бақылауда ұстайды. Тоқсан, ай, апта сайын есеп береді, аяқталған істерді мұрағатқа өткізеді, шығыс құжаттарын тиісті мекен-жайларға жолдау күнделікті міндеттері болып саналады. Сонымен қатар, сотқа қатысқан адамдардың,  судьялардың, сот қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сот  жасауылдары ғимаратты күзетеді, сот құжаттарының, сотқа шақыру қағаздарының, биліктер мен ұйғарымдардың уақытында орындалуын қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, өзім басшылық етіп отырған ұжымда темірдей тәртіп сақталған. Мамандарға өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараулары үшін зор талап қойылады, демек талап болған жерде тәртіп, тәртіп орнаған салада нәтиженің де болары анық.  Бұл ретте, бірлігі жарасқан Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты еліміздегі сот төрелігін  жүзеге асыруда  өз  үлесін абыроймен қосып келеді деп ауыз толтырып айта аламыз.

  • Әңгімеңізге рахмет!

Семей қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation