Бейсенбі, Тамыз 16, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > «Ақтастағы Ахико» немесе ұстазды ұлықтау

«Ақтастағы Ахико» немесе ұстазды ұлықтау

Тоқсан екі жылдық тарихы бар М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Батыс Қазақстан облысына гастрольдік сапарының басы Сырым аудандық мәдениет үйінің сахнасында Мәдина Омарованың туындысын «Ақтастағы Ахико» атты деректі драманы театрдың директоры Асхат Маемировтің режиссерлігімен сахналанған қойылымды тамашалаумен басталды.

“Ақтастағы Аxико” қойылымынан кейін ауыл тұрғындарының ыстық ықыласына бөленуі де заңды сияқты.

XX ғасырдың басында Жымпиты өңірі үлкен дүрбелеңдердің орталығына айналған. Жымпиты жерінде Күнбатыс Алашорда үкіметі ту тігіп, тұңғыш қазақ мемлекеттілігі идеясының негізі қаланып, үш жылға жуық жұмыс жасады. Мұнда қазақ зиялыларының бір тобы шоғырланды. Олардың көзқарастары әртүрлі болғанымен, жалпы бағыты тәуелсіз қазақ елін құру болатын.

Қойылым соңында театрымыздың директоры Асхат Максимұлы М.Әуезов театры араға отыз жеті жыл салып, Сырым ауданына келіп отырғанын, театрдың гастрольдік сапарын Батыс Алашорда астанасы болған Сырым ауданынан бастауы жайдан-жай еместігін, перзенттік парызының бір өтеуі екенін атап өтті. Абай орта мектебінде оқығанда сынып жетекшісі болған, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген, әдебиет пен мәдениетке ғашық қылған ұстазы Света Ғұсманованы сахнаға шақырып, иығына қамзол жапты.

Содан соң театр ұжымы Алатаудың сәлемін Орал қаласының іргесіндегі Потстепное ауылына жеткізіп, И.Сапарбайдың “Сыған серенадасы” қойылымын ауыл тұрғындарының назарына ұсынды.

Бұл қойылымдағы Изольда бейнесінде Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері Назгүл Карабалина осы Теректі ауданының Ақсоғым ауылының түлегі еді.

Əкемтеатрдың өнер сапары қаладан бұрын даладан, алтын бесік – ауылдан басталды. Теректі ауданы Подстепное аулының Мəдениет үйінде 10 жылдан астам уақыттан бері театр тарихындағы аңызға бергісіз поэтикалық дастан – “Сыған серенадасы” мюзиклын көріп, көзайым болдық. Кезінде күміс көмей К. Байсейітованың өнерін тамашалаған сөз зергері
Ғ. Мүсіреповтің “Чудо” деп тамсанған халін бүгін біз бастан кешкендейміз, – деп Динара Қыдырбайқызы қойылымды тамашалап өз ойын әлеуметтік желіде бөлісіпті.

Сондай-ақ Орал қаласынан 38 шақырым қашықтықта орналасқан Зеленов ауданының Переметное ауылының тұрғындары да өміршең әндерімен ел жадында мәңгі сақталған қазақ xалқының біртуар перзенті Шәмші Қалдаяқов туралы “Сыған серенадасы” қойылымымен өнер руxына бөленді. Үлкен өнер ұжымына ауыл тұрғындары, аудан әкімі Асxат Шаxаров үлкен құрмет танытып, қонақжайлылығын көрсетті.

Айта кетейік, театр ұжымын сапар барысында Шымкент-Самара күре тас жолының бойында орналасқан, Қоскөл ауылының атқа мінерлері ақ дастарханын жайып, қонақ етті. Бұған себепші болған театрымыздың “Гастрольдер мен xалықаралық қатынас” бөлімінің басшысы Жұмажан Амандықұлы осы ауылдан түлеп ұшқан. Биыл ауыл тұрғындары 60 жылдық мерейтойын тойламақшы.

Ә.КЕРЕЕВ

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation