Бейсенбі, Тамыз 16, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Археология: Ақсуаттан «Алтын адам» табылуы мүмкін

Археология: Ақсуаттан «Алтын адам» табылуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында төмендегідей ақпарат жарияланды, – дейді «Жерұйық.кз» тілшісі, атаулы парақшаға сілтеме жасап.

Елбасының. “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында облыс әкімі Д. Ахметовтың қолдауымен ауданымыздың Екпін ауылдық округіне қарасты Аққала елді мекенінің жанындағы “Төрт оба” қорымына Шілікті – Тарбағатай арxеологиялық экспедиция келді. Экспедицияны Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы бастап келді. Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары жүргізілуде . Бұл қорымдар 2500 жыл бұрынғы сақ тайпасы патшаларына тиесілі болған деген болжам бар. Ғалымдардың айтуы бойынша “Алтын адам” табылуы мүмкін. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы зерттеу жұмыстарына сәттілік тілеп, алдағы уақытта қорымдардың орынын дала туризм орталығына айландыру жоспарланатыны, зерттеу жұмыстарымен оқушыларды таныстыру ұйымдастырылатындығын жеткізді.

 

Дереккөз. https://www.facebook.com/profile.php?id=100008109527797&hc

 

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation