Бейсенбі, Тамыз 16, 2018
Негізгі > 1 > Қазақ күресінің әлемдік белдесуін жіберіп алмаңыз!

Қазақ күресінің әлемдік белдесуін жіберіп алмаңыз!

Қазақ күресінің жанашырлары мен жанкүйерлерінің белсенділігінің арқасында біздің палуандардың даңқы жер жүзін шарлай бастады. Соның арқасында қазір біздің ұйымдастырушылар шақырған белдесуге өзге елдің палуандары жолды алыссынбастан жаһанның әр түкпірінен келіп жатады. Астананы қойып Тарбағатай бөктерінде өткен додаға дүниенің әр бұрышынан бура санды саңлақтар ағылып келіп жатады. Бір емес, биыл Арайлы Ақсуаттың боз кілемі алтыншы рет әлемдік дода өткізді.

Нақтылай айтсақ, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында 16 маусымда  Ырғызбай Досқанаұлы атындағы қазақ күресінен дәстүрлі  әлемдік Гран-При белдесуі алтыншы рет өтті.

Бұл турнирге  әлемнің  25  мемлекетінің палуандары қатысып күш сынасты,   5 әлемдік белбеулі күрес бақылаушылары әділқазылық жасады, олар: Германия, Швейцария Хорватиия,Эстония, Израиль. Аталған турнир Қазақстан бойынша  әлемдік деңгейде сайыс өткізуге  лицензиясы бар, қазақ мәдениетінің материалды емес құндылықтарын әлемге насихаттап жүрген спорттық сайыс.

Міне, осы Ақсуат төрінде болған әлемдік дода бүгін, яғни, 04.07.2018 жылы  сағат 22:20 де «Қаз Спорт» телеарнасын көрсетілмек. Арнайы түсірілген спорттық репортаждан қай палуанның қалай күш сынасқанын, қандай орын алғанын, әлемдік Гран-Придің кім қанжығалағанын толық көре аласыздар.

 

«Жерұйық» – ақпарат

 

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation