Бейсенбі, Тамыз 16, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Астанада қысқы универсиада алауы жағылды

Астанада қысқы универсиада алауы жағылды

Астанада қысқы универсиада алауы жағылды. Алау Назарбаев университетінен басталып, Қабанбай батыр, Достық, Қонаев, Бараев көшелері мен Республика даңғылы және Кенесары көшесі арқылы «Бәйтерек» кешеніне барады. Бұдан соң алау қалалық әкімдік алдындағы алаңға жеткізіліп, республикалық штаб өкілдеріне тапсырылады да, Алматыға әкетіледі.

Универсиада алауын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жағып, сөз сөйледі. Назарбаев Қазақстан мұндай әлемдік ауқымдағы жарысты бұрын өткізбегенін, универсиаданы абыроймен өткізетініне сенімді екенін айтты.

Алауды алып жүру шарасына астаналық 60 студент пен жас спортшы қатысады.

Қысқы универсиада Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа Қазақстаннан 168 спортшы қатысады. Әлемнің әр түкпірінен екі мыңға жуық студент келеді.

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation