Сәрсенбі, Қаңтар 24, 2018
Негізгі > Спорт > Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты анықталды

Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

Кәсіпқой бокс мансабында жеңілмеген жерлесіміз 29 сәуір күні айқасқа шықпақ. Бокс кеші Мексиканың солтүстігіндегі Чиуауа штатының Росарито қаласында өтеді. Әзірге Сойлыбаевтың қарсыласы анықталған жоқ. Ол Рамон Альварес пен Омар Чавестің андеркартында жұдырықтасады.

Естеріңізге салайық, WBC EPBC және WBA NABA чемпиондық белбеулерінің иегері Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Ақпарат көзі: prosports.kz
0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation