Сейсенбі, Желтоқсан 19, 2017
Негізгі > Бейнежазба > Абай музейінің жобасын Алаш жұрты қолдасын

Абай музейінің жобасын Алаш жұрты қолдасын

“Абай өлеңдерін оқимыз” жобасының алғашқы видеожазбалары жарияланды,-деп хабарлайды zheruiyq.kz.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі «Қазақстан» Республикалық телеарнасы басшылығының қолдауы арқылы «Қазақстан Семей» филиалымен бірлесе отырып «Абай өлеңдерін оқимыз!» жобасын қолға алған болатын. Жобаның мақсаты: Абайды танып білу, сол арқылы ел руханиятын көтеру. Ақынның ақыл маржандарын ұрпақ санасына сіңіру. Жобаның шарты: Өлең оқимын деген адамдардың жасына, тіліне, ұлтына шектеу жоқ . Видеожинақтың сапалы шығуы талап етіледі. Өз видеожазбаңызды 1 шілдеге дейін «Қазақстан» телеарнасының өңірдегі филиалдарына не болмаса readabai@mail.ru адресіне жіберіңіз. Сонымен қатар жазбаны әлеуметтік желілерге (Facebook, VK, Instagram) #абайдыоқимыз хэштегімен жариялауға болады.

Ізгі істің іргетасын қалап, жобаның жалауын алғашқы болып ұстаған Ақтөбеліктер Абай өлеңдері – адамзаттың құндылығы екенін аталмыш жоба аясында “Қазақстан Ақтөбе” телеарнасы арқылы дәріптеуде (төмендегі бейнебаянда).

Бұл жобадан нені байқауға болады?

Ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасар Абай мұралары, яғни Абайдың томдары қолдан-қолға өтіп болашаққа бет алып бара жатқанын байқайсыз. Алаш жұрты жобаға жаппай атсалысады деген ойдамыз.

«АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚИМЫЗ!» ЖОБАСЫНЫҢАЛҒАШҚЫ ВИДЕОЖАЗБАЛАРЫ«Абай өлеңдерін оқимыз!» жобасына ең бірінші болып үн қосқан «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасына алғысымызды айтамыз! Сіздерден өлең оқыған адамдар туралы ақпаратты (аты-жөні, кәсібі) қоса жіберулеріңізді сұраймыз! АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ БАРША АДАМЗАТҚА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ЕКЕНІН ҰМЫТПАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

Опубликовано Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы 5 июня 2017 г.

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation