Негізгі > Тарих

ДУБОСЕКОВОДАҒЫ МУЗЕЙ дүйім бір дүмпудің тарихы

  Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі жойқын қантөгісті шайқастардың бірі сол кездегі астанамыз Москва үшін болғаны белгілі. Мақсаттары ортақ, армандары бір көп ұлттың өкілдерінен тұратын совет әскері Москва түбіндегі осы әйгілі тарихи шайқаста неміс-фашист басқыншыларына қатты соққы беріп, алғаш рет үлкен жеңіске жеткеніне биыл 77 жыл толады екен. Бұл жеңіс – Ұлы Отан

Толық оқу...

Құнанбайды ҚАШАНҒЫ ТАСПЕН қоршап қоямыз…?

Әй, заман-ай  десеңші! Атың өшкір кешегі Кеңес үкіметінің 70 жыл бойғы санамызға сыналай қаққан идеологиясына сенсек, «халқым!» деп қан кешкен қаһарлы ханымыз Кенесары  ақ патшаға қарсы шыққан бунтарь (бүлік шығарушы) екен. «Қазағым!»  деп қан жұтқан Махамбет пен Исатай, Кейкі батырлар  баскесер бандиттер болыпты. «Ал алашым деп, алтын бастарын ажалға тіккен

Толық оқу...

СҮЙІНБАЙ

Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым! Сүйінбай                 I Жібермей сөзден есені, Жыраулар ғұмыр кешеді. Кіндігін кескен Қызыр кеп, Сүйінбай ақын кешегі, Шешесі жырға жерік боп, Дүниеге келген деседі. Өлеңнің сүті емгені, Өлеңнен екен жөргегі, Өлеңнен екен жібектей, Кестелі көрпе, төсегі! Айтысқа түссе көшелі, Көрмеген қайтып меселі. Ақтарса алтын сандықтай, Кеудесі жырдың кешені, Толғанып кетсе бір өзі, Шұбырған қалың көш еді. Жақсыға жолдас, дос еді, Наданға нағыз өш еді. Сүйінбай

Толық оқу...

Кітап – мазмұнымен бағалы

Арғы-бергі тарихтағы ақыл-ойдың көрнекті корифейлері – кітап әлемін мәңгілік мұра санаған. Қымбат қазыналар қатарына қосқан. Ғұлама Ә.Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл ұстаз» деген-ді. Кітаптың құдірет-киесін бәрі де мойындайды. Өмір-тұрмыста үлгі - өнеге етеді. Жан азығы санайды. Ұзақ жылдар бойы жинақталған кітапқа толы сөрелерге көзің түскенде, олардың мазмұн-мағынасы ғана емес, авторлары мен

Толық оқу...

АБАЙДАН ҚАЛҒАН ЖАЛҒЫЗ ХАТ немесе ұлы ақын ұлына не айтқысы келген?

  1893 жылдың күзі. Абай өзі оқытып-тоқытып ел қатарына қосқан банк қызметкері Әнияр Молдабаевқа екі қабатты үй сатып әпереді (бұл үйде қазір «Алаш арыстары және М.Әуезов» музейі орналасқан). Сонан бері де Семей шаһары Абай шығармашылықпен көп айналысқан мекеннің біріне айналған. Оған естеліктерді және өзге де дерек көздерін саралай отырып көз жеткіздік. Қыс

Толық оқу...

Баймұрат батыр ескерткішіндегі ерекшеліктер

  Қоғалы көлдер, қом сулар Қоныстар қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын алшайтып, Арғымақ мінген өкінбес, Кілең бұздай кілшейтіп, Көбелер киген өкінбес, Жұпарын қардай боратып, Арулар құшқан өкінбес... Екі арыстап жау шапса, Оқ қылқандай шаншылса, Қан жусандай егілсе, Бетегелі сары арқаның бойында Соғысып өлген өкінбес! – деген екен Азаулының Аймәдет Ер Доспанбет ағасы! Біз бүгін Қазтуғанның, Доспанбеттің, Шалкиіздің, Марқасқаның, Ақтанбердінің жырларын қайсыбіріміз «Алдаспанға» сілтеме жасамай-ақ

Толық оқу...

Поэзия Меккесі – Жидебай емес, Ақшоқы!

(Абайдың ұмыт қалған қыстауы жайында ой-толғау) Ақшоқы ауылы... Саналы ғұмырының ең ұзақ кезеңін Абай осы ауылда өткерген. Өзіңіз де ойлаңыз, онда ұлы ақын отыз қысты қыстаған, ондай өзгедей мекен кәне?! Сырт Шыңғыс – кең жайлау. Көшпенді дәуірде тобықты жұрты жаздың ыстығы басталғанда сол жайлауға жетуге асығатын. Қақаған қыстың ұзақ кештерінде әркім

Толық оқу...

Қос елдің шекарасындағы қос қажы зиратына белгі қойылды

«Өткенін ұлықтаған – өскендіктің белгісі, өткенін ұмытқан – өшкендіктің белгісі» дегенді біздің бабалар бекер айтпаған. Ұлағатты сөздерді ұғынып өскен ұрпақ өрелі ойға, өнегелі іске бейім тұратынын білген кешегі кемеңгерлеріміз артына қаншама асыл сөз, астарлы ой қалдырып кетті емес пе? Тек қабылдайтын көңіл, зерделейтін зейін болсын деңіз. Ұрпақ зейінді болса ата-бабаның

Толық оқу...

Ал­тын адам мен алтын киімді адамды шатастырып жүрміз

Есік қаласының кіре берісіндегі қорық-музейге бұрылдым. Қызметкерлермен амандасып, хал сұрасып жатырмыз. Ортамызда Бекен ата ғана жоқ. Жұрт солай атап кеткен бұл кісі белгілі археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетов еді. Өткен жылы дүниеден озды. Ел-жұрты ақ жауып, арулап шығарып салды.  Археолог жұмыс істеген ка­би­нетке бас сұқтым. Төрде атаның ақ шапаны ілулі тұр. Музейде өтетін

Толық оқу...

Тінібай қажы

Тiнiбай Кәукенов, ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстанда товар-ақша қатынасы дамып, қанат жая бастаған кезеңде Семей өңiрiнде, қазақ арасында алғаш саудамен айналысып, 2-шi гильдi көпес атағын алған iрi саудагер, бай. Руы – уақ, Көкен болысының старшинасы. Сонымен бiрге Семей көпестері қоғамына мүшелікке қабылданып, мещанин атанған қазақ. Ол уақытта мещандардың отбасы мүшелері

Толық оқу...