Еуразия континентін дүр сілкіндіріп, адамзат тарихының өзгеше өрбуіне ерекше әсер еткен көшпенділер даңқы ежелгі дәуірлер қойнауынан жаңғырып жеткендей. Әсіресе сахараны шаңдата жүйткіген тұлпарларының тұяқ дүбірі құлағыңнан кетпейді. Иә, сәйгүліктер сол даңқты бабаларымыздың айырылмас серігі болатын. Жылқы малы мінсе көлігі, жесе тамағы, ішсе сусыны, кисе киімі ретінде халық тіршілігі мен ел экономикасының да негізі еді. Көшпенділерді жылқысыз елестету садақты жебесіз атқанмен бірдей екені түсінікті. Жылқы тек төрт түліктің бірі ретінде ғана емес, көшпенділер тіршілігінің тірегіне айналған соң, оның салт-дәстүрі мен өмірлік философиясынан көрініс таппауы мүмкін емес. Бүгінде ғылым мен техниканың дәуірі жүріп, жылқының маңызы бұрынғыдай болмаса да, жылқы десе ішкен асымызды жерге қойып, елегізе елітіп отыратынымыз соның айғағы болса керек.

Біз, әдетте, өзімізді «жылқы мінездес халықпыз» деп мақтанатынымыз бар. Бала кезімізде де аналарымыз «құлыншағым» деп еркелетсе, құлдыраңдай шауып, мәз болатын кезіміз есіңізде болар. Арғы аталарымыз да ат жалын тартып азамат болғаннан бастап, ана дүниеге аттанғанша аттан түскен жоқ. Сонау Эллададан бастап, қиырдағы Египетке дейін кентаврлар туралы аңыз қалдырды. Достарына құшағын айқара ашып, қастарымен ат құйрығын кесісті. Ал қателессе, ат-шапан айыбын төледі, еліне қауіп төнгенде, «аттандап» жауға шапты. Осылайша, жылқы тек көлік ретінде ғана емес, философиясы мен мәдениетінен, тілі мен қисса-дастандарынан орын теуіп, халқымыздың бөлінбес рухани дүниесіне айналды. Әйтеуір, аталарымыз жылқы малына атүсті қараған жоқ. «Тегіміз түркі, көлігіміз жылқы» деп оны басқа түліктен артық санады. Кешегі Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да жылқы малын қазақтың брендіне айналдыруды сөз еткен болатын. Иә, өте құптарлық іс. Кешегі бабаларымызға төл тарихымызды бірге жасасып, даңқымызды әлемге жайған жылқы түлігінің еңбегі мен атқарған рөлін жоққа шығара алмасымыз айдан анық. Керісінше, оларға қарыздар екенімізді мойындауымыз керек.

ЖЫЛҚЫ ҚАШАН ПАЙДА БОЛҒАН?
Ғалымдардың сөзіне сенсек, жылқының пайда болу тарихы осыдан 65 миллион жыл бұрын басталған екен. Ол кезде қазіргі кездегідей биік те сымбатты болмаса керек. Яғни, арқасы бүкір, құйрығы ұзын, көлемі қанден ит сияқты бір түрлі жануар болған деседі. Ол жануарды ғылымда «эохипус» немесе «хирокетрия» деп те атайды. Бұл хайуанның алдыңғы қолында төрт саусағы, артқы тұяқтарында үш саусағы болып, бұталар мен жас ағаштардың жапырақтарымен қоректеніпті.
Ал 25 миллион жыл бұрын климаттың өзгеріп, ағашты ормандар мен бұталы алқаптар, ұзын шөпті шалғындар құрғақшылыққа ұшырап, жер бетінің кебе бастағаны мәлім. Осы құбыластан кейін тау-тасты далалардың пайда болуына орай, эволюция заңдылығына сәйкес жылқының арғы тегі де өзгеріпті-мыс. Осылайша, тұрқы пониге, бас сүйегі мен тісі қазіргі жылқыға ұқсас басқа тіршілік иесіне айналыпты. Бұрынғы жұмсақ айыр тұяқтары қатты қатты тұяққа өзгеріп, енді секіріп, жылдам жүруіне жағдай туыпты. Арада 13 миллион жыл өткеннен соң (12 миллион жыл бұрын) дене тұрқы киіктей, үш айыр тұяқты, жылдам шауып жүретін гиппарион деген жаңа жануарға айналса керек. Уақыт өткен сайын жылқы тұрпаты да сатылап өзгеріп, бүгінгі түріне еніпті. Рас-өтірігін кім білсін, қазіргі ғылым осылай деп болжам айтады. Десе де, жылқының жаңа тарихы оны адамдардың үйретуінен кейін басталды.

ЖЫЛҚЫНЫ БОТАЙЛЫҚТАР ҚОЛҒА ҮЙРЕТКЕН
Бертінге дейін тарихшылар жылқы алғаш рет Еуропа жерінде қолға үйретілген деп санап келген. Тек Ботай мәдениеті ашылғаннан кейін жылқының алғаш рет Солтүстік Қазақстанның аумағында қолға үйретілгені ғылыми түрде дәлелденді. Ботайлықтар жылқыны тек қолға үйретіп қана қоймай, қымыз ашытуды да тұңғыш ойлап тапқан. Олардың қымыз ашыта білгендігінің дәлелі табылған қыш ыдыстың қабырғасындағы май қышқылдарының дағымен байланысты. Ал ыдыс қабырғасындағы дақтар бие сүтінің ізі екені анықталған. Америка археологы Дэвид Энтони 2007 жылы жарық көрген «Жылқы, дөңгелек және тілдер» атты кітабында бұл аймақтағы жылқының қолға үйретілу мезгілі шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жыл деп жазды. Яғни, жылқының қолға үйретілгеніне шамамен кем дегенде 4500 жыл болды деген сөз. Ботай мәдениетін зерттеушілер тұрақтың 6 мың жыл бұрын құрылғанын айтады. Мыңжылдыктармен есептесек, екі болжам 6ip-біріне өте жақын. Жылқының қолға үйретілуі – адамзаттың өндірістік қуатын арттырып қана қоймай, сонымен қоса әлем тарихындағы мәдени революция болғаны анық. Бұл туралы әлемге танымал ғалым Сандра Олсен: «Менің ойымша, жылқының қолға үйретілуі — адамзат тарихындағы ең шешуші оқиға болған. Александр Македонский мен Шыңғыс ханды қоса алғанда, барлық ұлы империялардың негізін қалаушылар жылқысыз ештеңе істей алмас еді», — деп, адам баласы үшін жылкының маңызы қандай болғанын айшықтай түседі. Жылқытанушы қазақ ғалымдары болса, жылқы түлігі ақпарат алмасуды тездетіп, өркениетің пайда болуына әрі ғаламдық тарихтың 6ip-бірімен байланыс орнатуына айрықша ықпал еткен деп тұжырымдайды. Қазақ даласындағы жылқының тарихы арий кезеңінде жаңа 6ip сатыға көтерілді.

КЕНТАВРЛАР… ОЛАР КІМДЕР?
Арийлер жылқыны ерекше қастерлеп, шексіз құрмет көрсеткен. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болған деп санайды. Олар: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түркіменстанның ақалтеке жылқысының apғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әcipece, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар жоғары бағаланған. Әлемде алғаш болып екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Оның ескерткіштерін қазақ даласындағы жартасқа салынған суреттерден көруге болады.
Келесі сақтар кезеңінде де жылқының рөлі арта түспесе кеміген жоқ. Дала төсінде үйір-үйір жылқы өpгізіп, соның арқасында атағынан ат үркіп, қаһарынан дұшпанының тізесі дірілдейтін атты кавалерия құра білді. Бала-шағасынан бастап, тіптен әйелдерге дейін ат құлағында ойнауды игерді. Сонымен 6ipге, Геродот жазбаларында сақтардың аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізіп, жүгендері мен шылбырларына дейін алтынмен әшекейлегені айтылады. Яғни, жылқыны адамнан кем көрмей, өздерін қаншалық сәндесе, аттарын да соншалық дәрежеде әсемдеп отырғанын байқаймыз.
«Алтын адам» — соның 6ip рана мысалы. Тіптен, сақтардың патшалары мен қолбасшылары өздерінің бас киімдерімен 6ipre мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі таққаны туралы деректер бар. Мұндай мүйізге ұқсайтын белгілерді «жыға» деп атаған. Өзіңіз кинодан жиі көретін мүйізді жылқылардың қайдан шыққанын енді түсінген боларсыз. Мүйізді тұлпарлар өзіміздің Елтаңбамызда да бейнеленген.
Ал ғұн кезеңінде осы жылқыньщ арқасында 6ip шеті Қытайдың Сары өзенінен сонау Балқан тауларына дейінгі ұланғайыр аумақты иемденіп, ұлы империя құруларына мүмкіндіктері болды. «Мәңгілік империя» саналған Римнің өзі ғұндардың алдында қауқарлы болмай шықты. Еділ бастаған ғұн жауынгерлерінен тас-талқаны шығып жеңіліп, ақыр соңында тарих саханасынан келмеске кетті. Ең қызығы, тарихшылардың айтуынша, pимдiктepдiң жеңілуіне ғұндардың технологиясының мықтылығы әсер еткен. Мұндағы мықты технология ғұндардың атты жауынгерлерінің ержүректілігі мен әскери қару жарағында емес, ат әбзелдерінде екен. Нақтырақ айтқанда, олардың ерлерінде үзеңгі болған. Yзеңгici жоқ Рим атты әскерлері жай соққының өзінен атынан аунап түciп, сайыс үстінде дәрменсіздік көрсеткен. Ал ғұндар болса үзеңгінің арқасында атта орнықты отырумен қатар, найзамен түйреп, шоқпар үйіргенде де ептілік танытқан.
Осылайша, осы 6ip елеусіздеу үзеңгінің өзі адамзат тарихының өзгеше өрбуіне мұрындық болыпты. Ата-бабаларымыз тек жылқыны қолға үйретіп қана қоймай, ат әбзелдерін уақыт өткен сайын түрлендіріп, дамытып отырған. Kaзipгi сәнге айналған ұзын қоныш, жұмсақ табанды етіктер мен шалбарларды да осы атқа мінуге қолайлы болу үшін бабаларымыздың ойлап тапқаны әмбеге аян. Бұл ұлы бабаларымыздың жылқының арқасында жеткен жетістіктерінің 6ip парасы ғана. Тарихи мәліметтер бойынша, алғаш атқа мінген бабаларымызды көрген гректер «Адам басты жылқылардан» қатты қорқып, неше түрлі аңыз-миф шығарыпты. «Кентавр» сөзі содан пайда болған. Қазіргі күні батыстың фильмдерінде кентаврлар жайында сюжет көп кездеседі. Батыр бабаларымыздың даңқты тарихы адамзат көкірегінде әлі де сайрап жатыр…

ЖАБЫ МЕН ҚАЗАНАТ
Халқымыз үшін кейінгі түркілер дәуіршен бастап, ұлт болып қалыптасқанымызға дейін де жылқынын рөлі еш кеміген емес. Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Қамбардың Қарақасқасы, Ер Тарғынның Тарланы, Қабанбайдың Қубасы, Ақан серінің Құлагepi секілді тұлпарлардың даңқы бізге аңыз болып жетті.
Десе де, қазақ халқында жылқы тұқымының eкi түрлі бағыты қалыптасқан. Бipiншici, eтi мен сүт үшін және күш көлігі ретінде өсірілетін жылқылар. Мұндай тұқым түpi жабы деп аталған. Қазақтың жабы жылқысы жайылымда жақсы әpi тез семіреді. Еті көп те дәмді, cүтi мол да нәрлі болып келеді. Ыстық пен суыққа төзімді, ортаға бейімделгіш, жұмысқа көнбіс әpi тез арымайтын жабылар шаруашылық үшін таптырмайтын жылқы болып саналады. Дегенмен мұны жорық аты ретінде мінбеген. «Қанша жүйрік болса да, жауға мінбе жабыны» деп оны сәйгүліктерден төмен санаған. Ал eкіншіci, бетегелі бел мен найза ұстаған ерге ғана бітетін аузымен құс тістеген сәйгүліктер тұқымы. Мұны қазақта қазанат деп атайды. Жоғарыда аталған Байшұбар мен Тайбурыл, Қарақасқа мен Тарлан, Қубасат пен Құлагер — осы қазанаттардың жарқын лгісі. Мұндай сәйгүліктер соғыста әскердің күші болса, бейбітішлікте бүкіл рудың атын шығарған бәйгелерге шапқан. Мұндай тұлпарлардың құны ердің құнынан кем түспеген.

КӨКМОЙНАҚТЫҢ ҮЙІРІ ҚАЙДА KETTI?
Қазақ жерінде өсірілген жылқылар басқа халықтар арасында да өте танымал болды. XIX ғасырдың сексенінші жыддары Австрия подполковнигі А.Дандевиль Орынбор даласына арнайы сапар шerin, Австрия армиясы үшін 3000 қазақ жылқысын сатып алғаны туралы деректер кездеседі. Tiптен І және II дүниежүзілік соғыс майдандарына да көптеген қазақ жылқылары жіберілген. Бipaқ қазақты отарлауды көздегендер оларды қалайда аттан түcipyгe барын салды. Ол үшін қазақтардың жылқысын азайтып, қазанаттардың тұқымын жоюға тырысты.
Мәселен, 1880 жылдары Австрия — Венгрияда 3,5 миллион, Германияда 3,3 миллион, Францияда 3 миллион жылқы болса, 1879 жылы алынған санақ бойынша Қазақстанның 6ip ғана Орынбор облысында 1,8 миллион жылқы болғаны көрсетілген. Ал XX ғасырдың басындағы нәубеттерден кейін бүкіл Қазақстанда 8 миллиондай ғана жылқы қалғандығы айтылады. Ұлттық байлығымыз саналған осыншама жылқы Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан да азая түскен. 2018 жылғы санаққа сенсек, еліміздегі жалпы жылқы саны бар-жоғы 2,5 миллионның шамасында екен.
Қазақтың басына келген нәубет жылқыларын да айналып өтпеген. Осылайша, кезіндегі басқан жерін ошақтай оятын асылтұқымды тұлпарлардың да қатары сиреп, ыңғай мәстектер мен қойға жетпес қойторылардың күні туыпты. Енді өз қазынамыздан айырылған соң шекара асып, өзге елден тұлпар іздейтін күйге түсіппіз. Тыңдаған болсаңыз, Елдос Еміл орындайтын «Көк мойнақтың үйірі» атты біздің қасіретті тарихымызды жылқы малымен байланыстырған таңғажайып жыр бар. Осы жырда қазақ даласындағы асылтұқымды жылқылардың қалай қырылғаны баяндалады.
Бүгінде әлемдік аренада бәсі жоғары жылқы тұқымы көптеп кездеседі. Олардың қатарында — ақалтеке тұқымы, жәуміт тұқымы, қарабайыр тұқымы, араб тұқымы, «таза қанды» ағылшын тұқымы, дон тұқымы, буденный тұқымы, Украинаның ұлттық тұқымы секілді асылтұқымды жылқылар бар. Дегенмен біздің де жергілікті жылқы тұқымдарын асылдандырудың арқасында жеткен жетістіктеріміз аз емес.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Болатхан Махатов: «Біз Кеңес кезінде ет пен сүт беретін бағыттағы жылқыларды өсірдік те, спорттық бағытқа көніл аудармадық. Бізге бұл саланы жақындатқан да жоқ. Батыс Қазақстанда ең алғаш рет сүтті бағыттағы күшім жылқысы өсірілген болатын. Одан кейін жабының бірнеше түрін біріктіріп мұғалжар жылқысы шығарылды. Бұдан бөлек өзінің өсіп отырған ортасына жақсы бейімделген адай жылқысы қалыптасып келеді. Мұның ерекшелігі мініске төзімді әрі жүйрік жылқы. Алыс қашықтыққа шапқанда оған тең келетін бірде-бір жылқы жоқ. 150 шақырым ол үшін түк емес. Қазақ жылқылары біздің алтынмен бағаланатын ұлттық брендіміз болып отыр. Еуропаның асылтұқымды жылқыларынын қаны бұрынғы жабайы тегінен өте алшақ кетіп қалған. Ал жабайы тегіне ең жақын тұрған біздің қазақтың жылқылары» — дегенді айтады. Ғалымның сөзіне сенсек, өзге елдер жылқыларын барынша асылдандырып, басқадан артық етеміз деп тыртық еткенге ұқсайды. Яғни, бұрынғы түп тегінен алыстап, жылқыға тән жақсы қасиеттерінен айырыла бастаған. Ендеше, алдағы уақытта қазақ жылқылары бұрынғы атақ-даңқын қайтарып алуына мүмкіндік мол деген сөз.
Қорыта келгенде, жылқы мен қазақтың тағдыры 6ip арнадан қатар аққан қос өзен секілді. Мейлі, техника мен компьютерге байланған бүгінгі заманда өмір сүрсек те, жылқыдан тағдырымыз бөлінбек емес. Қиқу көрсе делебесі қозатын тұлпарлардай біздің де жылқы көргенде арқамыз ұстайтыны анық. Елбасы айтқандай, жылқы Ұлы дала елінің 6ip қыры болып қала бермек.

Дерек көзі: Тілеуқабыл, Нұрсерік. Қазақ жылқысының қилы тарихы // Рухани жаңғыру. — 2019. — №1-2 (14). — Б. 10-13.