Көне Олимпиада ойындары Грекияның Олимп тау сілемдерінде өткізілгендіктен солай аталған. Алғашқы Олимпиада ойындарында жалғыз спорт түрі ғана болған. Ол кейіннен Марафон аталып кеткен қашықтыққа жүгіру.
Көне Олимпиаданың 7 ойындарында алғаш рет жеңімпаздарға зәйтүн ағашының бұтақтарынан өрілген шеңбер кигізілген. Тарихи еңбектерге сүйенсек, біздің заманымыздың 393 жылы император Теодозис ешбір себепсіз Олимпиада ойындарының өткізілуіне тыйым салады екен. 1890 жылы Пьер де Кубертен есімді француздың арқасында 1500 жыл үзіліп қалған Олимпиаданың заманауи келбеті қайта ашылады.
1894 жылы Халықаралық Олимпиада Комитеті құрылады. Ал 1896 жылы Олимпиада ойындарының жаңа қарқыны Грекияның Афина қаласынан бастау алады. Олимпиада тарихында дәстүрге айналған тұңғыш ашылу салтанатын ағылшындар ұйымдастырады. Олимпиада алауы Пелепоннес түбегіндегі Олимп таулы бөктерінде айнаны күнге шағылдыру арқылы алынады. Сол жалындаған от бүгінге дейін үзілмей жалғасын тауып келуде.
Олимпиада ойындарын ұйымдастырушы мемлекет ашылу салтанатында соңғы болып кіреді. Алғашқы әйел қатысушы 1928 жылы Амстердамда тіркелді. Дәстүрге орай гректер жалпы Олимпиаданың құрылтайшылары болып, ашылу салтанатында бірінші болып шығады. Лондонда болған Олимпиада ойындарында тұңғыш рет әйелдер спорттың барлық түрінен қатысты. Ал әйелдер боксы Олимпиада ойындарының тізіміне Лондонда енгізілді.
2012 жылы өткізілген Олимпиадада Никола Адамс есімді британдық спортшы бокстан әйелдер арасындағы алғашқы алтын медальға ие болды. 1956 жылы болған жазғы Олимпиада ойындары қараша айында басталды. Себебі өткізетін қала, Мельбурн, оңтүстік полюсте орналасқандықтан, жаздың мезгілі ауысып кетті. 1908 жылы мәнерлеп сырғанау мен 1920 жылы мұзды хоккей жазғы Олимпиада ойындары ретінде өтті.
Қазіргі таңда спорттың сан түрі бар. Олардың әрқайсысы ерекше, қиын. Спортшыларға жетістікке жету үшін тек қана спорттық қабілет емес, шыдамдылық керек екенін де білеміз. Адамзат дамуымен спорт та дамып келе жатыр. Жаңа спорт түрлері ашылып, чемпиондар жаңа рекордтарға қол жеткізуде. Сол аралықта спорт жайлы ең қызық деректер жанкүйер жадында сақтаулы.

1. Барлық футбол чемпионаттарына қатысқан жалғыз ел – Бразилия.
2. Норвегия ұлттық құрамасы, Бразилия құрамасымен ойнап жеңілмеген жалғыз команда. Аталмыш екі команда өзара төрт рет кездескен. Норвегия құрамасы екі рет жеңіп, екі рет тең түскен.
3. 1998 жылы Конго Демократиялық Республикасында болған матчта, алаңға найзағай түседі. Нәтижесінде қонақ болып келген команданың 11 футболшысы өледі, жанкүйерлерден 30 шақты адам күйік жарақатын алады. Бір қызығы – алаң иелерінің 11 ойыншысына ешнәрсе болмайды.
4. Гондурас құрамасының Сальвадор құрамасынан жеңілуі, аталмыш екі елдің арасында 6 күндік қақтығыстар туғызды.
5. Футбол добында 12 қара бесқырлы және 20 ақ алтықырлы фигура бар.
6. Ватиканда «Телепочта», «Ұландар», «Банк», «Кітапхана», «Мұражайлар құрамасы» сынды футбол клубтары бар.
7. Бокс спорт түрі ретінде тек 1900 жылы заңдастырылды.
8. Кинематографиядағы ең танымал спорт түрі – бокс.
9. Майк Тайсон кәсіби спорттық мансабында 51 кездесудің 21-ін бірінші раундта накаутпен жеңді.
10. Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин рекордтар кітабына енді. Қазақстандық боксшы бұл құрметке нокауттар саны жағынан ең жоғары көрсеткіш, 91,67%-ды, көрсеткені үшін ие болып отыр. Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Головкин 36 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен ұтты. Сондай-ақ қатарынан 23 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Қазіргі таңда бұл – орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.
11. Хоккей қақпашысының бет қорғайтын маскасы алғаш рет 1936 жылы Берлинде жапон қақпашысы Танаки Хоимомен қолданылған.
12. Detroit Free Press жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша, кәсіби хоккейшілердің 68%-ы өмірлерінде кем дегенде 1 тісін жоғалтқан.
13. Кәсіби хоккей ойыншысының шайбаны соққандағы жылдамдығы сағатына 160 километрге дейін жетуі мүмкін.
14. Ал кәсіби воллейболшының соққысымен доп сағатына 130 км-ге дейін ұшуы мүмкін.
15. Сумо спорты – алғырлық пен жылдам шешім қабылдауды талап етеді. Балуандар небәрі 10 секунд ішінде қандай әдіс-тәсіл қолданатынын ойлап үлгеруі керек. Тіпті осы уақыт аралығында 2-3 амал-айласын жүзеге асырып қалуы да тиіс. Сонда ғана жеңіске жете алады.
16. Сумо балуандары қанша ауыр салмақта болғанмен, керілу жаттығуларын оңай орындай алады. Кез келген кәсіби сумо саңлағы еңкейе шатқа отыру (шпагат) жаттығуын оңай жасайды.
17. Сумо – қауіпті спорт түрінің бірі. Балуандар алғашқы қақтығысынан кейін-ақ жарақат алып қалуы мүмкін. Себебі, 100 келіден жоғары салмақтағы балуандардың соғысуының жылдамдығы 50-60 км/сағ құрайды екен. Мұндай жылдамдықтағы күшпен соқтығысқаннан кейін балуандар тізе, арқа, бас пен саусақтардың сынуы секілді жарақаттарды жиі алады.
18. Сумо спортында эмоцияны шығаруға болмайды. Сондай-ақ артық сөз айтуға да болмайды. Өз-өзіңе көңілің толмай, болмаса қарсыласқа қарсы дөрекі сөйлесең жарыстан шеттетілесің.
19. Сумо спортында жеңіске жетудің екі жолы бар. Бірі – қарсыластың денесін жерге тигізіп жеңу болса, екіншісі – дохе кілемінен шығарып жіберу.
20. Сумо балуандарына көлік айдауға болмайды. Қандай салмақ дәрежесінде болса да, Жапонияда сумо балуандарына көлік айдауға құқық берілмеген. Егер спортшы бұл ережені орындамайтын болса, қатаң жазаланады. Сондықтан да сумошылар көбіне жеке жүргізушілерімен, болмаса арнайы шағын автобустар жалдайды екен.
21. Сумо балуандары ұзақ өмір сүрмейді. Жапонияда халық жасының орташа өмір сүру ұзақтығы 82 жас болса, сумо балуандары 60-65 жыл өмір сүреді. Себебі, қанша жаттығу жасап, күшті бола түскенмен артық салмақ бауыр, жүрек, қант диабеті, қан қысымы секілді ауруларға ерте шалдықтырады.
22. Сумо балуандары орташа есеппен алғанда 35 жасында спорттық мансабын аяқтайды. Олар үлкен спорттан кеткеннен кейін диетаға отырып, арықтауды мақсат тұтады екен.
23. Шахматтың алғашқы он жүрісінде 170 000 000 000 000 000 000 000 000 ойынның жолы бар.
24. Көпшілік дзюдода 10 дан бар деп ойлағанымен, негізінде олар 12 екен. Бірақ 11 данға әлі ешкім лайық деп танылмаса, 12 дан тек қана бір адамға берілген – Дхигаро Кано (дзюдоның негізін қалаушы).
25. Стенли Кубогының жеңімпаздарына тек кубоктың көшірмесі беріледі де, түпнұсқасы Торонтодағы Хоккей залында сақталады.
26. 1958 жылы Джей Фостер Ямайканың ұлттық чемпионатының жеңімпазы атанды. Сол кезде ол небәрі 8 жаста еді.
27. «Кубик Рубик» ойыншығын шешу үшін орта есеппен 48-100 айналым қажет.
28. Барлық спорт түрлерінің ішінде чемпиондар жасы ең үлкен спорт түрі – бильярд. Ондағы чемпиондардың орташа жасы – 35-36.
29. Бильярд кийінің минималды ұзындығы 142,5 см.
30. Олимпиада медалін жеңіп алған ең жасы үлкен адам – Оскар Сван. Ол 1920 жылы Швецияда өткен жарыста ату бойынша екінші орын алған. Сол кезде ол 72 жаста еді.
31. Бейсбол сонау 1700 жылдары Англия жерінде пайда болған.
32. НБА ойыншыларының 30 %-ы денелеріне татуаж жасатқан.
33. 1900-1920 жылдары «арқан тартыс» олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.

Деректер massaget.kz және zharar.com сайттарынан алынды.