Халықаралық бизнес-тренер, мултимиллионер, экономика ғылымдарының докторы Саидмурод Давлатовты бүгінде көп адам біледі. Әлемнің 63 елінде тренинг өткізген. Бизнес-тренинг жүргізіп жүргеніне жиырма жылға жуықтады. Оның тренингіне ендігі миллиондаған адам қатысты.
Көбіне бизнесмендер барады. «Құмырсқаның философиясы» атты сериялық бестселлер кітабының авторы. Отыздан астам компанияның қожайыны. Алматыға келген бір сапарында біз Саидмуродпен сұхбаттасқан болатынбыз. Әңгімеміз негізінен, ақша, қаржылық сауаттылық, бизнес-тренинг төңірегінде өрбіді.

САИДМУРОД ДАВЛАТОВ:
– Кишлакта өстім, балабақша дегеннің не екенін білген жоқпын, – деп бастады әңгімесін бизнес-тренер. – Содан орыс тілін үйрене алмадым. Орта мектепті жақ¬сы бітірдім. Тек орыс тілінен ғана төрттік баға алдым, қалғаны кілең бестік болды.Политехникалық колледжге түстім, кейін тастап кеттім. Оқитын ақшам болмады. Заң факультетінде, музыкалық академияда оқыдым, қаржылық жағдайға байланысты оларды тастадым. Сөйтіп, Ресейге барып ақша тауып, елге келіп оқуымды жалғас¬тыру¬ды ойладым. Жарты жыл далада тү¬неп, жүк тасушы болып жұмыс істедім. Қо¬қыста жатқан нанды теріп жеген кез¬дерім де болды. Мұның бәрі – шындық, мұ¬ны айтудан арланбаймын. Табыс еш¬кімге оңайлықпен келмейді.

– КӘСІПТІ ҚАЛАЙ БАСТАДЫҢЫЗ? ҚҰПИЯ БОЛ¬МАСА, АЙТЫП БЕРСЕҢІЗ?
– Алдымен қаржылық сауатымды арттыруым керек болды. Сөйтіп, көптеген тренингтерге қатыса бастадым. Нәтиже¬сінде, ақшаның, бизнес дегеннің не еке¬нін білдім. Әлемге әйгілі Бодо Шефер, Стивен Кови, Брайан Трейси, Тецуо Ясуйи секілді бизнес-тренерлерден сабақ алдым. Мен олардың әрқайсысынан жеке-жеке сабақ алдым, дәрістерінің әр сағатына 10 мың евро жұмсадым. Сенесіз бе, Стивен Ковидің бір сағаттық сабағына 17 мың евро төлеп отырдым. Сонда бір ғана сабақ алу үшін 600 мың доллар жұмсаған екенмін. Бодо Шефер менің қаржылық сауатымды ашты. Айналдырған жеті жылда қаржының ас¬тын¬да қалатынымды айтты. Алланың қа¬лауы шығар, үш жылда қаржыгер болып шыға келдім.

– ОЛ КЕЗДЕ ҚАНШАДА ЕДІҢІЗ, ҚАЗІР ҚАНША¬ДАСЫЗ?
– Жиырма жеті жаста болатынмын. Қазір отыз жетідемін. Бүгiнде бірнеше жеке компаниям бар. Екі рет банкрот болған адаммын. 4 банкке, 74 адамға қарыз болған кезім болды. 3 300 мың евродан астам бере¬шегім болды. Осынша қарыздан құтылу және бірнеше компания құру маған оңайға соқпады. Өмірдегі ең маңызды нәрсе – ақшаны басқару. Себебі ақшаң бол¬са, ба¬лаларыңа дұрыс білім әпере ала¬сың. Жақсы өмір қалыптастырасың. Жаңа жұмыс орын¬дарын аша аласың. Адамдарға қайы-рымдылық көрсетесің, сөйтіп, көбі¬рек жақсылық жасауға мүмкіндігің болады. Тіпті әдемі қартая аласың. Жақсы суретші болуың маңызды емес, керемет суретті сатып алуыңа болады. Жақсы құрылысшы болмасаң да, қалаған үйіңді сатып ала аласың. Ақшаны басқара алған адамның мүмкіндігі шексіз. Мәселе сонда, біздің санамыз ақша туралы түсінікті дұрыс қабылдай алмайды. Ешкім де өскен кезде бақытсыз болайыншы деп армандамайды ғой. Тіпті кішкентай балалардан сұрасаңыз да, бәрінің бай болғысы келеді. Адамдар неге байымайды, себебі өмірінің алғашқы жартысын дүниені жинаумен өткізеді. Яғни арманын іске асырумен бітеді. Екін¬ші жартысын осы жинаған дүниесін сақ¬тау¬ға жұмсайды. Киім тозса, жаңасын алу керек. Машина бұзылса, жөндеу керек. Өмір осылай өтіп кетеді.

– СІЗ ӨМІРДІ АҚШАМЕН ӨЛШЕЙДІ ЕКЕНСІЗ. СОНДА АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЙДА ҚАЛАДЫ?
– Жақсы адам болу да ақшаға байла¬нысты. Егер сен кедей болсаң, басқа адамға көмектесе аласың ба? Жақсы адам болудың бір шарты – өзгелерге көмектесу. Көбірек жақсылық жасау қажет. Мейлі тіпті ақша¬лай көмек көрсетпесең де, бір сауабың тиюі керек қой. Біреуге көмектесу үшін бос уақытың, өзгеге әсерің тиетіндей білімің, шеберлігің болуы керек. Оның бәрі ақшаға тікелей қатысты.

– СОНДА ҚАЛАЙ, АҚШАНЫҢ ҚҰЛЫ БОЛУЫМЫЗ КЕРЕК ПЕ?
– Керісінше, ақшаны адамның құлына айналдыруымыз керек. Ақшаның құлы деген – ақшасыз жүрген адам. Ақша – адамға қызмет ететін құрал. Қарапайым адамдар ақша күш-қуат, мақсатқа жетудің жолы, арманға қол жеткізудің құралы, сән¬ді киім, сұлулық деп ойлайды. Бұлай ой¬лай¬тын адам ешқашан бай бола алмайды. Ақылды адамдар үшін ақша – жұмыс. Ол ақшаны 24 сағат бойы жұмысқа жеге алады. Мұның екі ғана жолы бар: не ақша сізге жұмыс жасауы керек, не ақша үшін сіз жұмыс жасауыңыз керек, басқа жол жоқ.

– АДАМДЫ БҰЗАТЫН НЕ: АҚШАНЫҢ КӨПТІГІ МЕ ӘЛДЕ ЖОҚТЫҒЫ МА?
– Ақшаның жоқтығы адамды қатты бұзады. Ақшасы жоқ немесе қарызы бар адам өтірік айта бастайды, телефонын кө¬тер¬мейді, қашады, өзінің адами қалпын бұзады, мінезі өзгереді. Тіпті бара-бара адамдық қасиеті де жоғалуы мүмкін. Өзінің өмірлік принциптеріне қарсы жүре бас-тайды. Сөзінде тұрмайды. Міне, ақшаның жоқтығы адамды осылай өзгертеді. Сон¬дықтан егер сенің ақшаң жоқ болса, ақша¬ның құлы болдың деген сөз. Сен өзің қала¬ған өмірді сүре алмайсың. Шешімді қବбыл¬дайтын – ақша. Қандай мейрамха¬наға барасың, қандай үйде тұрасың, қандай киім киесің, бәрін шешетін ақша. Солай емес пе? Сондықтан ақшаны өзімізге қызмет ететін құлға айналдыруымыз қажет. Ал ол үшін белгілі мөлшерде капитал жинап, соны жұмысқа салуымыз керек.

– АЛ КАПИТАЛ ЖИНАУ ҮШІН ҚАРЖЫЛЫҚ САУА¬ТТЫЛЫҚ КЕРЕК…
– Қала көшелерінде жолда жүру ере¬жесі бар. Егер сол ереже сақталмаса, не болады? Адамдар өз дегенімен жүріп, бәрін бүлдіреді. Ал ереже бар жерде, тәртіп бар. Сіз көлік сатып алсаңыз, өзім қалай қала¬сам солай жүргіземін демейсіз ғой. Ал айлық алғанда қайтесіз? Бұл – менің ақ¬шам, қалай жұмсасам да өзім білем дейсіз. Көрдіңіз бе, мәселе қайда? Көлік жүргізер кезде біреу сізге жол ережесін қалай сақ¬тауды үйретеді. Ал айлық алған кезде, сізге оны ешкім үйретпейді. Мысалы, сіз жур¬налист болу үшін бес жыл уақыт жұмса¬дыңыз. Он жылдан бері сол журналистік қыз¬метіңіз сізді асырап келе жатқан болуы мүмкін. Көр¬діңіз бе, қай жерге уақытыңыз¬ды жұм¬са¬саңыз, сол жерден табыс табасыз. Қазір адамдардың бәрі бухгалтерлікті немесе экономика мамандығын меңгерсем болды, ақша туралы бәрін білемін деп ой¬лайды. Жо-о-оқ, сізге оқу орнында эконо¬мист болып жұмыс жасауды ғана үйретеді. Демек, бұл ақша туралы білім емес.

– КӨП ЖЫЛДАН БЕРІ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫ¬ЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БИЗНЕС-ТРЕ¬НИНГТЕР ЖҮРГІЗІП КЕЛЕСІЗ. СІЗДІҢ ТРЕНИНГТІК ТӘСІЛІҢІЗ ҚАНДАЙ?
– Қазір менің үздіксіз дәріс алып жүрген 130-дан астам шәкіртім бар. Аллаға шүкір, алды жылына 1 млн доллар табыс тауып жатыр. Тренингтерім екі бағытта жүреді. Бірі бизнесмендерге арналған. Екін¬шісі қарапайым халықты қаржылық сауаттандыруға бағытталған. Отбасылық құндылықтарға арналған, балаларға ар¬нал¬ған тренингтерім бар. Балаларға да қар¬жылық сауаттылықты сәби кезінен сана¬сына құймаса болмайды. Оларға қалай ақ¬ша табуды ойлануды, сосын оны сақтау¬ды үйретемін. Кейін ақшаны дұрыс бас¬қарудың жолдарын түсіндіремін. Қазір бір адамға 100 доллар берсеңіз, бір аптада құртып бітіреді. Неге, себебі ол оны сақ¬тауды білмейді. Ақша да кімге бару керегін біледі. Жылқы үстінде кімнің отырғанын біледі ғой, ақша да сондай. Қаржылық ин¬теллектісі жоқ адамның қолынан тез қашады. Академиялық интеллектіні бізге мектеп, жоғары оқу орны үйретті. Ал қар¬жылық интеллектіні өмірден үйренеміз. Жұмыс жасау, ақша табу, оны сақтау қар¬жылық интеллектіні қалыптастырады.

– ҚАЗАҚТА АБАЙ ДЕГЕН ДАНЫШПАН ӨТКЕН. СОЛ КІСІ «ЕҢБЕК ЕТСЕҢ, ҚАРА ЖЕР ДЕ БЕРЕДІ» ДЕЙДІ.
– Абай дұрыс айтады. Әлемдегі ең бай нәрсе – ол жер. Ол адамдардың табанының астында жатыр. Адамдар қанша таптап өтіп жатса да, үндемейді. Жерді қанша ұрсаң да, айқайламайды. Адамдар жерге қоқыс тас¬тайды, бүкіл жаман нәрсені жерге төгеді. Бірақ гүл де жерден шығады емес пе? Бүкіл халықты асырап жатқан осы жер. Құранда: «Алла көктер мен жердегі барлық нәрсені өз тарапынан (сый ретінде) сендерге бағынышты етті. Әлбетте, ой жүгірте білген қауым үшін мұнда тұнып тұрған ғибраттар бар» («Жасия сүресі», 13-аят) делінген. Демек, айналамызда құнды заттар көп болғаны ғой. Тек оларды табу керек. Жер-дің философиясын түсінген адам, ешқашан ұтылмайды. Саған кім не жамандық жасаса да, сен оларға зияныңды тигізбеуің керек. Саған басқалардың жаман көзқараста бол¬ғаны маңызды емес, сенен жақсы қасиет байқалуы керек. Өмірдің маңызы осында!

– СІЗ ҮШІН ТАБЫС ДЕГЕН НЕ?
– Банкте есепшотың болуы не зәулім үйде тұруың табыс емес. Адам былтырғы жылға қарағанда биыл едәуір өссе, табыс деген сол. Сіз жағымсыз қылықтарыңыздың тізімін жасаңыз. Сосын бір жыл бұрын осылардың қайсысы бойыңызда болғанын есіңізге түсіріңіз. Егер бар болса, бір жылда сіз мүлдем өспегенсіз. Бір кісі менің тренингіме келіп, жиырма жылдан бері темекі шегуден құтыла алмай келе жатқа¬нын айтты. Мен ол кісіге: «Сіз кішкене ақылдырақ болсаңыз, темекіні өзіңіз-ақ тастар едіңіз» дедім. Ол кісі шошып кет¬ті. «Сонда мен жиырма жыл бойы ақыл-дырақ бола алмағаным ба?» деп сұрақ қойды. «Бәлкім, сіз маман ретінде ақыл¬дырақ болған шығарсыз, өмірдегі басқа да бағыттар бойынша өскен шығарсыз, бірақ адам ретінде өспегенсіз, сіздің еркіңіз өспеген» дедім. Жаман қасиетінен ары¬ла алмаған адамның ақылы да өспеді деген сөз. Егер ақылың әлсіздігіңді басқара алса, жамандықтан өзі-ақ қайтарып отырады. Нағыз адам – өзін жеңген адам!

– ТАБЫСТЫ БОЛУ ҮШІН ҚАЙТПЕК КЕРЕК?
– Ол үшін алдымен ойыңды түзеуің қажет. Өміріңді өзің құруың керек. Өмірде неге қол жеткізгің келеді, ойша жоспарла. Адамдардың көбі өмірден нені қалайтынын білмейді. Олар өздеріне ыңғайлы жолмен ғана жүруге дағдыланған. Бүгін мұнда, ертең анда. Екі-үш жылдан кейін мүлдем басқа қызметте жүреді. Осылай өмір сүрген дұрыс деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Өмі¬ріңді өзің жүргізуің қажет. Жақсы идеялар, мүмкіндіктер барлық адамда бар.

– БІРАҚ КӨБІНДЕ СОЛ ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРА¬ТЫН ДЕМЕУШІ КАПИТАЛ ЖОҚ.
– Себебі өз уақытында бұл туралы ол ойланбаған. Егер сіз қазір кіріссеңіз, әрі кеткенде жеті жылда қаржыгер болып шы¬ға келесіз. Әсіресе, Қазақстанда миллион¬да¬ған мүмкіндік бар. Қазақстандағы адам¬дардың көбі өзінің еңбегімен байып отыр¬ған жоқ. Асып бара жатқан ақылды да емес. Олар осы мүмкіндіктерді тиімді пай¬да¬ланып отыр. Қырғызстанға, Тәжікстанға барып бірдеңе жасап көрсінші, ештеңе жасай алмайды. Ал Қазақстанда бәрін жа¬сауға болады. Сендердің елдеріңде мил¬лион¬даған дайын құралдар, мүмкіндіктер бар. Басыңды істет те, байып кет. Алла сендердің елдеріңе керемет басшы берген. Сол кісіге рақмет айтыңдар.
Мен мұннан қаншама миы жоқ бай¬ларды көрдім. Олардың ағасы, көкесі бір мықты жерде отыр. Танысының арқасында тендерге қатысып, содан пайда көріп отыр¬¬ғандар көп екен. Өзінің еңбегінің арқа¬сында байып отырғандар өте аз. Өз еңбегімен, баспалдақтан баспалдаққа өтіп байығандарды бірден білуге болады. Сен¬дер сондайлардан үлгі алуларың керек. Қазақстанда кемінде бес жылда байып кетуге болады.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан: Серікбол ХАСАН

Дерек көзі: http://old.aikyn.kz/ru/interview/show/9196-_m_rdeg_e_ma_yzdy_n_rse_a_shany_bas_aru