Семейдегі орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты ақпарат сағаты өтті. Шараға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушысы, философия ғылымының кандидаты Ерзат Жетібайұлы, Семей қаласының аналар кенесінің төрайымы Н.А. Моинбаева және Қайнар колледжінің студенттері қатысты.

Шара қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Бұдан соң  XXI ғасырдың басындағы  жаңа өсіп келген  зиялы қауым – қазақтың бетке ұстар ұлдарының суреттері, саяси қуғынның құрбандары, 1932-1933 жылдардағы оқиғалалар туралы мәліметтердің бейнекөрсетілімі «Ерте солған гүлдер», әнінің әуенімен қоса қатысушылар назарына ұсынылды. Іс шара барысында кітапхана қызметкері: «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерін еске салу», – деп атап өтті.  Дәл сол кезде ұлттың бетке ұстары, жарқын парасаттың, ізгіліктің ойшылдары: Тұрар Рыскұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгүров, Сәкен Сейфуллин және т.б. зардап шеккенін әңгімелеп берді. Ардақты арыстарымыздың әйелдері мен балалары «АЛЖИР» – «Ақмоладағы «Отанын сатқандар» әйелдерінің лагерінде де, азап шекті. Қайғылы кезеңдер туралы әңгіме слайд-тұсаукесерінің көрсетілімімен жалғасты.

Сөз кезегін алған Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушысы, философия ғылымының кандидаты Ерзат Жетібайұлы, қуғын сүргіннің аласапыран, қауіп-қатерге толы қатыгез жылдары туралы айтып, оның ең озық, дарынды, адамзаттың шығармашыл ойшылдарын арамыздан алып кеткенін тебіреніспен баяндап берді.

Н.А. Моинбаева өз сөзінде: «Осындай қайғылы оқиғалар ешқашан ұмытылмауы керек және жас ұрпақ осындай адамға тән емес  қиын кезеңдерде артында бай мұра қалдыра білген ұлы адамдар туралы білуі және құрметтеуі керек. Жастар қуғын-сүргін және жер аудару сөздерінің нені білдіретінін жете түсінулері қажет. Ендігі борышымыз – жазықсыз құрбан болған азаматтарымызды ұмытпау, мәңгі есте сақтау. Сол бір зұлмат жылдардағы халыққа қайғы қасірет әкелген оқиғаларды бүгін әділ бағалауымыз керек», – деп атап өтті.

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу – ұлттық таным, этномәдени салт-дәстүрлерді бойына сіңіру, өз халқының өткен тарихына құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда оқушылар назарына тарихи жер аудару және саяси  қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Көрмеге өткен ғасырдың 20-шы, 30-шы, 40-шы және 50-ші жылдарындағы саяси қуғын-сүргін туралы кітаптар қойылды. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызған  саяси қуғын сүргіннің құрбандары – бұрынғы КАРЛАГ тұтқындарының естеліктері енген «КАРЛАГ: қатал заманның мәңгілік жарасы» атты кітабы болды.

  Jon Ryan Jersey