Қазақстанда желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері өтеді. Қазақстандықтар қосымша үш күн демалады.

 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні жұмаға келіп тұр, сол себепті қазақстандықтар 1-і мен 3-і аралығында үш күн қатарынан демалады.

Бұл шарт 5 күндік жұмыс аптасына қатысты, 6 күндік жұмыс аптасында 2 желтоқсан жұмыс күні. Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсан, ол сенбі мен жексенбі күндеріне келіп отыр. Қазақстандағы мерекелік күндер туралы заңға сәйкес, демалыс күні мерекелік күнмен қатар келетін болса, мерекелік күнен кейінгі жұмыс күнінде демалыс болады.

Осылайша, қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан 4 күн демалады. Ray-Ray Armstrong Authentic Jersey