Қоғамдық орында тәртіпсіздік таныту, дәлірек айтқанда кімде кімнің ар-намысына, шамына тиетін сөздер айту, тіпті боқтап-балағаттау, орынсыз ұрынумен көпшілік тыныштығын бұзатын әрекеттер ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Әлбетте, сипаты жөнінен қылмыстық жауапқа тартуды талап етпеген жағдайда ғанааталған санаттағы әкімшілік құқық бұзушылықтар болып саналады. Жалпы әкімшілік сотымен қоғамдық тәртіпті бұзатын әрі адамгершілік түсінігіне қарама-қайшы бұзақылықтарға қатысты құқық бұзушылықтар бойынша істер көптеп қаралады. Жыл басынан бері жиыны 608 іс қаралғаны сөзімізге дәлел.

Семей қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сотымен қаралған істердің бірінде орынсыз ұрынудың салдарынан әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтың жағдайына тоқталсақ деп едім. Оқиға қаладағы ауруханалардың бірінде орын алған. Дәрігердің амбулаториялық қарауына көнбестен бірден өзін стационарлық емге қабылдануын талап еткен 32 жасар тұрғын медицина маманының ар намысын қорлайтын ауыр сөздермен балағаттауға дейін барған. Нәсілі орыс деп, Қазақстанда еңбек етпеуін, мүлде кетуін дөрекі түрде талап еткен. Емді уақытылы қабылдамайтын емделушіге шипажайға жолдама беретінін айтқанда, үзілді-кесілді бас тартқан ол, осы қылығымен әкімшілік құқықбұзушылыққа барып отыр. Жалпы осындай жағдайларға қатысты істермен жиі қақтығысудамыз.

Кеңінен етек жайған ұсақ бұзақылыққа, яғни жоғарыда айтып өткен мысалымыздағыай қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, сонымен қатар тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер жатады.

Заңда ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жолмен ықпал ету шараларын қолданудың айрықша тәртібі белгіленген. Аталған бұзақылықтарға жол берілген жағдайда бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, яғни 12 025 теңге көлемінде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге, ал егер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн әрекет бiр жыл iшiнде қайталанса – он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алынады.

Жаңа Кодекстің қабылдануымен қазіргі таңда жауапкершіліктің күшейтілгенін айта кеткен жөн. Егер бұрын шылым қалдығы мен өзге қоқысты лақтыру үшін 3 АЕК түрінде айыппұл салынса, 2015 жылдан бері 10 АЕК- ке дейін ұлғайтылды. Әлбетте, мұндай сома отбасылық бюджет үшін қомақты ақша.  Енді 2018 жылдан бастап айыппұлдың  сомасы  5 АЕК болды.

Ұсақ бұзақылық туралы істерді қарастыру кезінде азаматтардың негізсіз әкімшілік жазаға тартылуын болдырмауда, сонымен қатар әрекеттері қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша қылмыстық жазаға тартылу сынды қарастырылатындай жол берілген құқық бұзушылықтың барлық жағдайын зерттеп анықтау қажет.

Әкімшілік жаза заң санкциясына сәйкес қатаң түрде салынуы тиіс. Заңмен қарастырылған өзге жазаны қолдану, оны максималды мерзімге көтеру, немесе төменгі деңгейдегі жазаны тағайындауға жол берілмейді. Бұл ретте дұрыс әкімшілік жазаны тағайындау ретінде ұсақ бұзақылыққа баратындарды моральдық тұрғыда қолдамай, олардың бұл амалдарына төзімсіздік жағдайды қалыптастыру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуға болатынын айта кету орынды.

Жаннура Иммагамбетова,

Семей қаласының мамандандырылған

 әкімшілік сотының судьясы.

 Dan Bailey Womens Jersey