Қадірлі Қалибек Алтыбайұлы! Сізді азаматтық биік асу – 75 жасқа толған мерей-мезетіңізбен шын жүректен құттықтай отырып, төмендегі жылы сөзімді жеткізуді жөн көрдім.

Ұлы Абайдың асыл сөзіміне ғасырдан астам уақыт «махаббат пен ғадауат майдандасқан» әр жүрекке Хақтықтың сәулесінтүсіріп, әр саналы қазақтың көкірегінесөнбейтін шырақ жағып келеді. Біз, семейліктер, шежірлі Зайсан топырағында сол Абай жаққан сәуленің бірі Сіз деп біліп, Абайды сөзжұмбақпен кестелеген еңбегіңізді қадір тұтамыз. «Абай әлемі», «Абайдың алып айдынынан», «Үш кемелдің шалқарынан», «Абайды оқы, ойлан, тап» деген кроссворд кітаптарыңыз жанкештілік еңбегіңіздің айғағы әрі Абайдың таңғажайып әлеміне енудің, оны өскелең ұрпаққа танытудың жаңаша тәсілі болып табылады.Осымен, абайтануда бір олқының орны толды, бір кетігі қаланды деп білеміз.

Қалағаң Семейге келсе, бізде думан,

Бас қосып, босамаймыз айғай-шудан.

Кеп қапты байқатпай үш жиырма бес,

Иә, «сағаттың шықылдағы емес ермек».

Әйтсе де, дауасызға бой алдырмай,

Жүре бергін ішкі қуат таусылмай!

Қалеке! Қуат алып Абайдың тіл-күшінен, жетілдіре беріңізматау сөзді, Алланың құлы, көптің құлы болған қалпыңыздан айнымаңыз, алдыға қойған ой-мақсаттарыңыз іске аса бергей дей отырып, құттықтау сөзімді осы бір ауызниет-ықыласпен сабақтағым келді.

Асан Омаров,

философия ғылымдарының кандидаты,

абайтанушы.

  Kentavius Street Jersey