31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Семейліктер саяси қуғын-сүргін құрбандарын Алаш көсемі – Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші жанында еске алып, рухтарына тағзым етті. Еске алу шарасына облыс әкімінің орынбасары – Әсем Нүсіпова, әкімшілік өкілдері, зиялы қауым мен жастар қатысты. Тарихи деректерге сүйенсек, 1921 мен 1954 жылдар аралығында бұрынғы кеңес одағында жалпы саны 3 млн 777 мың адам сотталып, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген. Зұлмат жылдары халқымыздың Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов және тағы басқа белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері жазықсыз жапа шекті. Одақ көлемінде «халық жауларына» арналған 900-ден астам лагерь жұмыс істеді. Карлаг, АЛЖИР сынды ең үлкендері Қазақстанда болды. 1937-38 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам заңсыз сотталған. Қуғын-сүргін жылдары жүз мыңдаған халық туған жерлерінен күштеп көшіріледі. Жас ұрпақ жазықсыз жапа шеккендерді ұмытпай, бүгінгі бейбіт күннің қадірін білуі тиіс,- дейді шараға қатысушылар.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен, бұрынғы Ленин көшесінің енді «Мәңгілік ел» көшесі деп аталатынын хабарлады.

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100013910200800

 Jon Ryan Jersey