Кез-келген адамның өмірі сынаққа толы. Ол сынақтардың көлемін немесе салмағын өлшеп-пішу де мүмкін емес. Әркімнің өз өмірінде бетпе-бет келіп жататын қиындықтары мен түйткілді дүниелері аз болмайтыны анық. Ол мәселелер сол пенденің ғана жан-дүниесіне батып, санасына қаншылқты салмақ салғанымен,  ол салмақ өзгелерге соншалықты білінбейді әрі беймәлім. Алдыға қойған мақсатқа жету, әрбір істе табысты болу, абыройың үшін күресу, отбасы-отаныңның мүддесін қорғау секілді ұждандық қағидаларға намысты жандар немқұрайды қарамайды. Әркімнен зор жауапкершілікті, үлкен еңбекті, төзім мен табандылықты талап ететін жайттың бәрі де адам үшін үлкен сынақ. Өзіңді қаншалықты жауапты сезінсең, соншалықты сын-сынақ талаптарына сай болуға ұмтыласың. Сол үлкенді-кішілі сынақтарда сәттіліктің жолдас болу-болмауы әркімнің өмірге деген көзқарасы мен дүниетанымына байланысты. Сол үшінде болса керек, біздің айтпақ ойымызды халық өзі «Өмір – күрес» деп бір-ақ ауыз сөзге сыйғызып жіберген.

Сол көзге көрінбейтін, ешкімге елене бермейтін сынақтың көкесін жат босағаны жаңа аттаған келіндер бастан өткізеді десек, қателесе қоймаспыз. Кеңірек үңілсек, бұл сын-сағаттар тек келіннің ғана емес, жас отауға жақын жандардың барлығына ортақ. Деседе, әлгі ортақ сынақтың негізгі нәзік тұсы жас келіннің адами ұстанымдары мен пенделік пиғыл өлшемдеріне, босаға алдындағы жауапкершілікті сезіну мен бағалау деңгейіне тікелей байланысты. Ол жағдай заңмен айқындап, жарлықпен бекітуге келмейтін, тек қана адмардың (әсіресе, жас жұбайлардың) мәдени қатынасымен, тәрбиелік өнегесімен, ұят өлшемімен реттелетіндіктен де оның ақ-қарасына төрелікті ешкім дөп басып айта алмайды. Осы мәдени қатынастар мен тәрбиелік өнеге отбасы құндылықтарының да әлсіреуіне немесе күшейуіне тікелей ықпалды. Бұл отбасы құндылығы деген дүнйе сөз болған сайын оның тереңіне жете алмаймыз, ұшан-теңіз, ұлан-ғайыр тақырып. Мына апалаң-топалаң нарықтық қоғамда отбасы құндылығы, оның ішінде ұлттық болмысымызбен бітеқайнасқан, дәстүрленген ерекшеліктеріміз өз алдына жеке бір зерттеу жұмысын қажетсініп тұрған үлкен бір нысан. «Қазақ деген мәртебелі халықпыз, келінменен көсегесі көгерген» деген жыр жолдарында үлкен пәсапа жатыр.

Бізді осылай ойландырып, осылай сөз сабақтауымыз себебін қабырғалы жазушы, көрнекті ақын Әділбек Ыбырайымұлының мына бір пікірін зер салған адам толық түсінеді:

– «Ұлт дегеніміз – Әйел. Ол – мен бөлшектеніп шыққан ядро. Ал осы ядродан талай халық перзенттері, ұлт көсемдері өмірге келді. Сондықтан, ұлт тағдыры әйел қолында.

Кеңес өкiметi орнағанда «әйел теңдiгi» деп зарлады. Сондағы саясаттың құлқы – тездетiп жаулықтылардың бетiн ашып, қолтығына су бүркiп, ибасы мен иманын бұзбақ болған. Ұрғашы дiннен шықса қоғамның өзiнен өзi қожырайтынын екшеген. Қазiр, Қазақстан тәуелсiздiк алған тұста «қазақ тiлiнiң теңдiгiн» iздеп отырмыз. Осының өзi бiр кезде еркекпен тең боламын деген көкбет келiншектердiң құрсағынан өрбіген көкжалқақ ұлдардың шалағайлығы. Сол кезде әйел дiннен безбесе, қағанағын жарып түскен ұрпақ тiлден кетпейтiн едi. Қатын бұзылғанда кәде құриды. Бiр әйелдiң қулығы қырық есекке жүк болса, бiр әйелдiң қырсығы қырық жылға да жүк.

Біртекті ұлт қалыптасу үшін әйел санасы ұлттық жадыға оралуы тиіс. Сонда ғана ядродан көкжалқақ ұрпақ емес, көкжал ұландар шығып, жаһандану амалдарына қарсы тұра аламыз.

Ұлт – болмыс пен мақсат-мүддеңді танытатын өлшем ғана емес, салт-сананың ошағы болып қалуы керек» – дейді, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ойшыл қаламгер Әділбек Ыбырайымұлы.

Бұл жүрекжарды ҮН тек отбасы құндылығына ғана қатысты емес, Елдімігімізді сақтап қалуға қатысты пікір. Ал, Ел – мемлекет сол Отандағы отбасылыардың ішкі жауапкершілігінен де басталма ма?..

Қайрат Сабырбаев,

 Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

 

  Bo Scarbrough Authentic Jersey