«Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Сәркеновке 408 580 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Айта кету керек, аталмыш соманы мемлекет пайдасына шенеунік өз қалтасынан өндірген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, ішінара және жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде, үстіміздегі жылдың 5 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында рұқсат берудің тәртібін, мерзімін бұзу және негізсіз бас тарту деректері Ақтау және Жаңаөзен қалалары, Мұнайлы ауданында орын алып, жалпы сомасы 541 125 тенге көлемінде айыппұл салынған.

Ал ең ірі көлемдегі айыппұл Ақтау қаласының әкімдігіне қатысты шенеуніктен өндіріліп отыр. Атап айтқанда, барлығы 16 әкімшілік хаттаманың 10 «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Сәркеновке қатысты толтырылған.

«Шенеунікке қатысты іс Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 465 бабының 2 бабы, яғни рұқсат беруден бас тарту және осы бөлімнің 3 бабы, яғни әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеті үшін жаза қолданылды», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы  Нұргүл Жанназарова.

Осылайша бір жылдың ішінде екі рет заң бұзушылыққа жол берген әкімдік қызметкері әкімшілік жазамен құтылды.

Айта кету керек, өткен жылдың осы мерзім аралығында заңға қайшы әрекеттерге жол берген шенеуніктерге қатысты уәкілетті органмен 6 әкімшілік іс қозғалса, биыл бұл көрсеткіш 16 дерекке артық болып отыр.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша

департаментінің баспасөз қызметі

Тел: 8 (7292) 30-30-48.

E-mail: stopcorruptionmng@gmail.com

 Tavon Austin Womens Jersey