Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды, – деп хабарлайды Семей қаласы әкімдігінің әлеуметтік жеке парақшасы.

Жалпы, Семей қаласы өте ауқымды мекен. 360 мыңдай тұрғыны бар қаланың идеологиялық мәселелерінде шаруа шашетектен. Осы жауапты да күрделі шаруаның негізгі ұйытқысы – Семей қалалық Ішкі саясат бөлімін басқару Нұржан Есенжоловқа жүктелді. Нұржан Ерғалиұлы ел басқару ісіне ертерек бейімделген, еңбекқорлығымен ел-жұртқа етене жақын азамат ретінде танылған кәсіби маман. Тек сәттілік тілейміз!

Өзі өскен ортаға, өзін өсірген ортаға қызмет ету – ол да бір бақыт. Көпшіліктің көз алдында тұлғалық болмысы қалыптасып келе жатқан Нұржан Ерғалиұлының бұл қызметте де қайраткерлік қыры биіктей беретініне кәміл сенеміз. Оның мемлекеттік басқару мектебінен өткен тәжірибесі мен қалыптасқан өмір жолы үлкен үміт пен сенімді бекіте түседі.
Cемей қаласының тумасы Нұржан Есенжолов қос жоғары білімді. 2007 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих», 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
«Болашақ» стипендиясымен Ұлыбританияның Шеффилд университетінде «Мемлекеттік басқару және саясат» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.
Еңбек жолын 2007 жылы М.О. Әуезов атындағы университеттің «Тарих» кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.
Мемлекеттік қызметін 2009 жылы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады.
Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің жетекші және бас маманы қызметтерін атқарды, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары, сондай-ақ Семей қаласының ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2016-2017 жылдары Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
2017 жылдан бүгінге дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы – баспасөз хатшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

«Жерұйық-ақпарат».

  Marcus Peters Authentic Jersey