Журналистермен  болған  басқосуда Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Елбасы Жолдауынан бастап, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін әңгімелеп берді. Қала аумағындағы абаттандыру мен жарықтандыру, жылу мен ыстық мәселесінің ретке қойылуы сияқты қала тіршілігінің қайнар көзіне қатысты сауалдарға бірден жауап бере кетті.  Десе де, жиын барысында БАҚ өкілдері тарапынан сұрақтар қойылмай қалған жоқ. Барлық сауалдарға нақты жауаптар қайтарылды.

– Қала бюджетінің көлемі жыл сайын ұлғая түсуде. Биыл барлық көрсеткіш бойынша облыстық рейтингте бесінші орындамыз. Өткен жылы жетінші орында болғанбыз. Көрсеткіштің жақсаруы шағын және орта кәсіпкерлікті, өндіріс орындарын, ауылшаруашылығын дамыту жөнінде нақты істердің атқарылуының    нәтижесі  – деді қала әкімі.

Қаланың  әлеуметтік-экономикалық дамуында ілгерілеу бар. Жылдың  басынан бері өндірісте  66, 4 милиард теңгеге  өнім шығарылса, ауыл шаруашылықта 6,2  милиард  теңгенің тауарлары  саудаланды.  Бүгінгі күні  қалада  20 мыңнан астам   шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері   жұмыстарын   жүргізіп,   қала бюджетіне  қомақты үлес қосуда. Жыл басынан бері 3 мың 525 тұрғын  жұмысқа орналасты.  Жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасы бойынша жыл басына бері 162 адам  кеңес алып, 33   тұрғынға  өз  бизнестерін дамыту бойынша     бағдарламалық жұмыстар  жүргізілді.  Шағын және  орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 7  тұрғынға  екінші деңгейлі банктерден 81  миллион теңгенің несиесі берілді.

Күнделікті халық тұтынатын азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін алты сауда  орындарында жергілікті  тауар өндірушілерге жеңілдетілген бағамен сауда орындары ұсынылуда. «Северный» көлік-логистикалық орталығында  елу  орын  шаруа қожалықтарына тегін беріліп, ауылшаруашалық тауарлары   арзан бағамен саудаланып келеді.  Жыл басына бері 24  жәрмеңке ұйымдастырылып, 120 миллион теңгеден астам қаражатқа   сауда-саттық жасалды.

Мемлекеттік «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша  осы жылы 143,9 миллион теңгенің  29 жобасына  қолдау көрсетіліп, оның  ішіндегі 20 жоба,  122,4 миллион теңгеге  қаржыландырылды.

Облыс әкімі  Даниал Ахметовтың   тапсырмасы бойынша  «2018-2020 жылдарға арналған менің аулам» бағдарламасы қабылданып, осы жылы көп қабатты тұрғын үйлердің қасындағы  12 ауланы  абаттандыруға қалалық бюджеттен 611 миллион теңге бөлініп, қазір жұмыстар жүріп жатыр.

Ал қала көшелерін және аулаларды   абантандырып және көріктендіруге   қалалық бюджеттен 1 милиард 196 миллион теңге бөлініп,   ретке келтіру күнделікті жүргізілуде.   Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін  қаланың әр жерлерінде   11 спорттық алаң салыну жоспарланып отыр, оған  90 миллон теңге қаражаты бөлінді.  Әсіресе қалалықтар арасында қолдау тапқан Абай алаңын абантандырып, жөндеуге  87 миллион теңге бөлінуі қуантып отыр.

Қала көшелерін  күрделі және ағымдағы жөндеуге осы жылға  2 милиард 235 миллион  теңге  бөлінді. Жыл сайын  қала көшелерінің жөнделуі  тұрғындар  тарапынан  қолдау тауып отыр.

Халықаралық маңызы бар Мичурин   көшесіндегі күрделі  жөндеу аяқталып, қалалықтар өтініші бойынша көптеген жылдары бойы жөнделмеген Найманбев көшесі ағымдағы жөндеуден өтуде. Сонымен қатар автокөліктер көп жүретін Тәңірбергенов, Титова, Орманды, Қабанбай батыр, Аймауытов тағы басқа көшелер жөнделуде.    Қазіргі уақытта  36 көше  жолдары  ағымдағы  жөндеуден өтті.

Қала әкімі  журналистерді қызықтырған сауалдардың барлығына жауап беріп, кейбір мәселелердің жауабын БАҚ өкілдерінің қатысуымен қарастыруды жоспарлап отырғандығын  жеткізді.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 Jared Veldheer Jersey