Ел болып мерекелеп жатқан Елорданың 20 жылдық белесін семейлік жастар да белсенділікпен атап өтті. «Ел ертеңі – жастар» деген қанатты сөзге жауапкершілікпен қарайтын Шәкәрім университетінің студенттері «Біз Астананың құрдастарымыз» деген ұранмен бірнеше қадам жасады. Олар ең алдымен қаламыздағы Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мәдени музейіне, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің мұражайына, сонымен қатар Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейіне барып, тарих беттерінен сыр шертетін жәдігерлермен танысты. Бұл мекемелердеде өңір тарихымен бірге Астана қаласының жетістіктеріне қатысты қызықты ақпараттар барынша орналасқан екен.

Бұдан кейін Ертіс өзені жағалауында қала тұрғындырының қатысуымен «Open Air – 2018» фестивалі ұйымдастырылды. Шара бірнеше бөлімді қамтып, өте қызықты сәттермен есте қалды. 
Нақтырақ айтсақ, 500-ге жуық жастар бір-біріне қызылды-жасылды бояу шашып, айналаның барлығын әртүрлі түстермен әрлендіре түсті.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен ұласып, ұйымдастырушылар әзірлеген көптеген сайыстармен жалғасын тапты. Сондай-ақ, кеш соңында байкерлер шеруі өтіп, 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндерімізге тегін балмұздақтар таратылды.
– Шыны керек, бұл фествальді мен ұзақ күттім. Маған қазір барлығы өте қатты ұнап жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, 5 минут ішінде адам танымастай өзгеріп кеттім. Бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын тапса екен. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, осындай жоғары деңгейде өтеді деп ойламадым, – дейді шараға қатысушы Томирис Қажыбекова

 

  Ғанибек Түсіпбек, «Жерұйық» порталы.

Фотолар Автордікі.

  Ryan Jensen Jersey