Сұмдық деуден басқаны айта алмай, екіұдай сезімде отырғаным-ай. Осыдан кейін кімге сенеміз? Кеше ғана ана қызды жақтап, министрге шабуыл жасаған Тұңғышбай түрмеге қамалды. Сонда оның бетперде киіп,өзінің жеген миллиондарын жабам деп жасаған әрекеті болғаны ма? Өнері арқылы елінің сүйіктісі болғандардың, саxнадағы образы үшін төбемізге шығара құрметтегендердің ия болмаса xалқына қызмет етіп, елінің мұңын мұңдайды деген адамдарымыздың xалқының емес, өздерінің құлқындарының құлдары болғаны ма? Миллиондап жеп алып, ана бір бейшара қызды алдына салып , өзінің артын жабу үшін шындық айттым деп шырылдап,әділеттілікті талап еткенсіп, Тұңғышбай ағамыздың алдын -ала өтірік ойбайлағаны ма? Жетіскен екенбіз онда. Әлде… Шынымен әділеттілікті талап етіп, қорғансызға қорған болмақ болып, шындықты айтса, ондай адамды сол үшін түрмеге жапқандары қазаққа қарсы жасалған ауыр соққы емес пе. Онсызда талай қыспақтан, талай нәубеттен, талай жазалау мен қырудан құлдықта жүріп әлсіреп шыққан қазақты езіп-жаншып,сағын сындырып, қаймақтарын қырып,түп- тұқиянымен құрту көзделсе ,осылай бірте- бірте небір марқасқаларымыздың Тұңғышбай ағамыздың кейпін кимесіне кім кепіл? Екі жағдайда да тек қазақ оңбай ұтылып, оңдырмай соққы алды. Халықты есеңгіреткен осы жағдайға байланысты барлық мәліметтің ашық жарияланғаны керек.
 Adrian Peterson Authentic Jersey