Жексенбі, Ақпан 25, 2018
Негізгі > Бас баған > Артаев Головкиннің жеңісіне күмәні бар екенін ашық айтты

Артаев Головкиннің жеңісіне күмәні бар екенін ашық айтты

Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жекке болжам жасады деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Головкин мен Альварес реваншы 5 мамыр күні өтетіні ресми түрде жарияланған болатын.

Артаевтың ойынша, екінші жекпе-жекте Головкинге қиын түседі және кездесуде ешкім күтпеген нәтиже тіркелуі мүмкін.

“Қарымта жекпе-жекте ешкім күтпеген нәтиже болуы әбден мүмкін. Менің ойымша, қос боксшы тағы да тең түсетін секілді. Гена ұтылып қалады деп айтқым келмейді, сол себепті тең түсуі қажет”, – деген Олимпиада чемпионы екі мықты жұдырықтасқанда нокауттың болуы екіталай екенін айтты.

“Екінші жекпе-жекте төрешілер кеткен қателікті қайталай қоймас. Головкинге олардың тарапынан қысым болмайды. Шынымды айтсам, Головкин «Канелоны» тек нокаутпен жеңе алады деп болжау қиын.

Бұл – бокс. Шаршы алаңға екі мықты шыққанда нокауттың бола қоюы екіталай. Осы жолы да алғашқы жекпе-жектегідей нокаут бола қоймас. Ешкім күтпеген нәтиже – қос боксшы тең түседі”.

Дегенмен, Головкинге бұл жолы жеңіске жету қиынға соғады. Тең түсуі мүмкін, бірақ жеңіске жете алмайды-ау деген күмәнім бар.

Үшінші кездесу қызықсыз болып қалады. Жанкүйерлер менің ойымды дұрыс түсінбей, дұрыс қабылдамай, көре алмайды деуі мүмкін. Бірақ, біз, бокс маманы ретінде объективті түрде қарауымыз қажет”, – дейді Артаев.

0
Яндекс.Метрика
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation